Рудный индустриялық институты 2023 жылғы 20-21 сәуірдежасғалымдардың, магистранттардың, студенттер мен оқушылардың «туған өлке – жас ұрпақтың барлық бастамаларының негізі»

Рудный индустриялық институты 2023 жылғы 20-21 сәуірдежасғалымдардың, магистранттардың, студенттер мен оқушылардың

«туған өлке – жас ұрпақтың барлық бастамаларының негізі»

атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

 

Конференцияның мақсаты: жастардың ғылыми және инновациялық қызметін жандандыру.

Конференцияның міндеттері:

магистранттарды, студенттерді және білім беру мекемелерінің оқушыларын ғылыми қызметке тарту;

шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызығушылығын дамыту, өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру;

жастардың бойында туған өлкеге деген қызығушылықты, патриоттық сезімді, тарихи сананы, әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру.

 

Конференция бағдарламасы пленарлық отырысты және секциялардағы жұмысты, тақырыптық пікірталастар өткізуді қарастырады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Әлеуметтік-гуманитарлық білім мен ғылымның өзекті мәселелері.
  2. Бизнес-модельдерді өзгерту, кәсіпорындар мен аймақтар үшін қолдау шаралары мен даму құралдары.
  3. Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, циркулярлық экономика және экодизайн.
  4. Қазақстанның тау-кен металлургия кешені: жаңа сын-тегеуріндер мен даму үрдістері.
  5. Объектілердіжобалау мен технологиядағыинновациялықшешімдер.
  6. Баламалы энергетика және энергия үнемдеу-өңірлік дамудың драйверлері.

 

Конференцияға қатысу үшін өтінімдер 2023 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады.

 

Конференцияғақатысунысаны: күндізгінемесесырттайқатысу

Талқылауды өткізу нысаны: пленарлық және секциялық отырыстар

Конференцияға қатысу шарттары:

            – өтінім мен баяндама мәтінін көрсетілген мерзімде жіберу;

            – толтырылған өтінімге баяндама жеке файлмен бекітіледі;

            – конференцияғақатысутегін.

 

Тіркелу шарттары:

Конференцияға қатысуға өтінім мен баяндаманың мәтінін электронды түрде 2023 жылдың 10 сәуіріне дейін metodistrii@mail.ru

 

Информационное письмо (на казахском языке)     

Информационное письмо (на русском языке)       

Информационное письмо (на английском  языке)   

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте