«Отан қорғаушылар күні» мемлекеттік мерекесі қарсаңында Рудный индустриялық университетінің қабырғасында 1 курс студенттері үшін «Айбын, ерлік, даңқ туралы» атты батылдық сабағы өтті.

«Отан қорғаушылар күні» мемлекеттік мерекесі қарсаңында Рудный индустриялық университетінің қабырғасында 1 курс студенттері үшін «Айбын, ерлік, даңқ туралы» атты батылдық сабағы өтті.

Батылдық сабақтары адамды болашақ Отан қорғаушыға да, кез-келген адамға да қажетті моральдық-психологиялық қасиеттермен «қаруландырады».

Батылдық, мінездің беріктігі, физикалық төзімділік – мұның бәрі әскери және медициналық қызметкерге, дәрігерге, инженерге немесе мұғалімге маңызды.

Отан қорғаушылар күні әртүрлі елдерде атап өтіледі. Бұл күні біз өз елімізді басқыншылардан батыл қорғаған тұлғаларға, сондай-ақ қазіргі уақытта қиын және жауапты қызмет атқаратындарға құрмет пен алғыс айтамыз.

Сонымен қатар, біз жақын болашақта Отанды қорғауға тура келетін жігіттер мен жастарға ерекше назар аударамыз. Бұл мереке Қазақстан Республикасы Ұлттық армиясының туған күні, нағыз ерлер күні ретінде атап өтіледі.

Аталған іс-шарада студенттер Отан қорғаушылар күніне арналған тарихи ақпараттан тұратын патриоттық бейнероликтерді, презентацияларды тамашалады. Іс-шара барысында білім алушылар қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте