«Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма мүшесі – Инновациялар және интернационалдандыру мәселелері жөніндегі проректоры бос лауазымына орналасуға конкурс

111500, Қостанай облысы, Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі, 38, «Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Рудный қаласы, 50 летОктября көшесі, 38 мекенжайында орналасқан «Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма мүшесі – Инновациялар және интернационалдандыру мәселелері жөніндегі проректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Тел.:87773758811, info@rii.kz.

Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамытуға және әзірлемелерді коммерцияландыруға бағытталған сапалы білім алу, оқу және оқыту үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы;

2) білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдарда басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.

 

Конкурсқа қатысуға келесі тұлғалар жіберілмейді:

 

1) жиырма бес жасқа толмағандар, сондай-ақ зейнеткерлік жастағылар;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағандар;

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы барлар;

4) медициналық арнаулы мекемелерде есепте тұрғандар;

5) Қазақстан Республикасының заң намасында көзделген өзге де жағдайларда.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғамынадай құжаттарды қағаз және электрондық тасымалдығышта ұсынады:

1) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3х4 өлшемді түрлі-түсті фото суреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

  • салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері:

– шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына берген, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, шетелдік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының азаматтары алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі;

– «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;

– өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;

5) жұмыс орны бойынша (қолданыстағы не соңғы) кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарына сәйкес № 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды);

7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салынбағанын растайтын құжат;

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) ұсына алады.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Өтініш, қызметтік тізім:

 

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте