«РИУ-дағы Тоғызқұмалақ»: студенттер мен әкімшілік V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдайды.

«РИУ-дағы Тоғызқұмалақ»: студенттер мен әкімшілік V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдайды.

«Тоғызқұмалақ күнін» мерекелеу аясында Рудный индустриялық университетінде студенттер арасында осы ойыннан турнир өтті.

Іс-шараның ерекшелігі ректор бастаған ЖОО әкімшілігінің ойынға қатысуы болды, осылайша олар биыл Астана қаласында өтіп жатқан V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қолдау көрсетті.

Тоғызқұмалақ – жоғары деңгейдегі зейінді және стратегиялық ойлауды талап ететін зияткерлік ойын. Ол көшпелі мәдениеттің рухын бейнелейді және Қазақстан үшін ғана емес, Орталық Азияның көптеген халықтары үшін де маңызды ғасырлар бойғы дәстүрлерді сақтайды.

Турнирде студенттер өздерінің тапқырлығы мен жылдам шешім қабылдау қабілеттерін, керемет дағдыларын көрсетті.

Ректордың және әкімшіліктің басқа өкілдерінің қатысуы қатысушыларды шабыттандырды және бұл оқиғаның тек университет төңірегінде ғана емес, халықаралық деңгейде де маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара студенттер мен оқытушыларды «мәдени мұраны сақтау және ұлттық дәстүрлерді қолдау» ортақ идеясы аясында біріктіріп, жылы және достық атмосферада өтті.

РИУ университеттің студенттері мен қызметкерлерін тарту арқылы маңызды халықаралық және Ұлттық бастамаларды қолдауды жалғастырады.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте