Мұғалімдер күніне арналған «Горняк» ЖСК ҚБ кубогына шағын футболдан турнир өтті.

Мұғалімдер күніне арналған «Горняк» ЖСК ҚБ кубогына шағын футболдан турнир өтті. Турнирге қаламыздың бес жастар командасы қатысты: «Горняк», «БЖСМ», «Союз», Рудный тау-кен технологиялық колледжі (РТКТК), және Рудный индустриялық университеті (РИУ). Қиын әрі қызықты күресте 1 орынды РИУ командасы, 2 орынды – БЖСМ командасы және 3 орынды – «Горняк» командасы иеленді.

Турнирдің үздік ойыншылары: Кайнаров Темурлан (РИУ) – үздік шабуылшы, Байшов Жусулан («Горняк») – үздік қорғаушы, Мейрамбеков Альберт (БЖСМ) – үздік қақпашы.

Турнир ұйымдастырушылары ойын соңында мұғалімдер мен жаттықтырушылардың еңбегіне ризашылық білдірудің және бағалаудың маңыздылығына баса назар аударды, турнирдің үздік ойыншыларына сыйлықтар берілді, барлық ойыншылар: турнир жеңімпаздары мен турнир жүлдегерлерінің командалары медальдармен марапатталды.

«Горняк» ЖСК кубогы бірде-бір ойында жеңілмеген, голдарды өз қақпасына соқтырмаған РИУ командасына лайықты түрде берілді.

Турнирге қатысушылар ұйымдастыру комитетіне және В.Д.Сластниковқа жарыстарды ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

 

 

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте