Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылардың ұлы ойшыл, философ, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ғылым. Білім. Жастар» Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫның БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

РУДНЫЙ ИНДУСТРИялЫҚ ИНСТИТУТЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылардың ұлы ойшыл, философ, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ғылым. Білім. Жастар» Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы

2020 жылдың 9-10 желтоқсанында Рудный индустриялық институты базасында ұлы ойшыл, философ, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ғылым. Білім. Жастар» Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясын өткізу жоспарлануда.

Онлайн конференция жұмысына жас ғалымдар, магистранттар, студенттер, оқушылар қатысады.

Онлайн конференция жұмысы келесі пікірталас алаңдары (секциялар) аясында ұйымдастырылады:

  1. Қоғамдық сананы жаңғыртудағы Абайдың шығармашылық мұрасының маңызы.
  2. Ғылыми-технологиялық дамудың жаңа парадигмасы. Қазіргі ғылыми зерттеулер мәселелері.
  3. Өндірістік және білім беру қызметін интеллектуалдандыру және цифрландыру.
  4. Өндіргіш күштерді дамыту және өңірлік экономика.
  5. «Абай және оның замандастары» онлайн дөңгелек үстелі.
  6. Әлемдегі «жасыл өсу» жастар онлайн алаңы: теория және практика»

Конференция Білім беру мекемелерінің магистранттарын, студенттері мен оқушыларын ғылыми қызметке тартуға, шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызығушылығын дамытуға, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дарытуға, сондай-ақ жастарда патриоттық сезімдерін, тарихи санасын, әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға ықпал ететін болады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу шарттары:

– көрсетілген мерзімде өтінім мен мақала мәтінін жіберу,

– мақала толтырылған өтінімге жеке файлмен бекітіледі.

Тіркеу шарттары:

Конференцияға қатысуға өтінім мен мақала мәтінін жариялау үшін ұйымдастыру комитетіне электронды түрде 2020 жылдың 30 қазанына дейін жіберу қажет.

Конференция материалдары бойынша конференция материалдарының электрондық жинағы шығарылады, оған үздік баяндамалар кіреді. Жинаққа ISBN халықаралық индексі беріледі. Pdf форматындағы электронды жинақ институттың www.rii.kz. веб-сайтында орналастырылады.

Электронды жинақта жариялау үшін өтінім мен материалдарды ұйымдастыру комитетінің электронды мекенжайына жіберу қажет: metodistrii@mail.ru. Файлдың атауы автордың тегінен басталуы керек.

Конференцияны ұйымдастыру комитеті келіп түскен материалдарды рецензиялауды және конференция бағдарламасына енгізу үшін баяндамаларды іріктеуді ұйымдастырады.

Материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар:

Ұсынылатын баяндама көлемі 5 бетке дейін. Баяндамалар Microsoft Word форматында қабылданады.

«Times New Roman» қарпі, өлшемі – 14. Бет өлшемі-А4, парақтың бағыты – «кітап».

Өрісі: жоғарғы, оң, жол – 2 см, төменгі – 3 см.

Жоларалық интервал-бір жарым.

Абзац шегінісі: Сол жақтан – 0; Оң жақтан – 0; Бірінші жол – 1,25 см.

Баяндаманың атауы бас әріптермен қалың қаріппен, ортасында, нүктесіз басылады.

Баяндама атауынан кейін ортасында бір интервал арқылы кіші әріптермен автордың тегі, аты, әкесінің аты, курсы және мамандығы (сыныбы), e-mail.

Төменде ғылыми жетекшінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі, лауазымы көрсетіледі.

Бұдан әрі ұйымның толық атауы көрсетіледі.

Негізгі мәтін бір интервалдан басталады.

Төменде, бос жолдан кейін мақала мәтіні: пішімдеу – ені бойынша. Мәтінде суреттер мен кестелер рұқсат етіледі, суреттердің атауы мен нөмірлері суреттердің астында (мысалы: 1 – сурет – суреттің атауы), кестелердің атаулары мен нөмірлері – кестелердің үстінде (мысалы: 1-кесте-кестенің атауы) көрсетіледі. Суреттер мен графиктер айқын бейнеге ие болуы және қара-ақ гаммада сақталуы тиіс.

Библиографиялық сілтемелер тік жақшада беріледі (мысалы, [1, б. 52]).

Мәтінде анимацияларды, WordArt нысандарын, фотосуреттерді пайдалануға болмайды.

Негізгі мәтіннен кейін 1 жолдан кейін – «Библиографиялық тізім» деген жазу, одан кейін тура нөмірленген әліпбилік тәртіппен әдебиеттер тізімі келтіріледі, МЕМСТ талаптарына сәйкес ресімделеді.

Баяндама мәтіні редакциялауға жатпайды және түпнұсқа болып табылады. Конференция материалдарының жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Сондықтан авторлардың назарын жоғарыда аталған барлық талаптарды сақтай отырып, мақаланы мұқият өңделген түрде ұсыну қажеттілігіне аударамыз.

Баяндаманы рәсімдеу үлгісі:

ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

 

Искаков Арман Булатович, «Экономика» мамандығының

3 курс студенті

E-mail:arman_7@mail.ru

Ғылыми жетекші:

Ахметов В.Ж., э.ғ.к.,

Рудный индустриялық институтының

аға оқытушысы

Негізгі мәтін……………………………………………………………………

……………………………………………………………………………….[1,б.52].

 

Библиографиялық тізім:

1. Воробьев В.Р. Устойчивое развитие. – М.: ИНФРА-М, 2018.-208 с.

2.Сагинова О.В., Сагинов Ю.Л. Задачи подготовки предпринимателей в контексте концепции устойчивого развития // Российское предпринимательство. – март 2019. – №6 (204).-С.176.

 

Жоғарыда көрсетілген талаптарды қанағаттандырмайтын және/немесе белгіленген мерзімнен кеш жіберілген материалдар конференция материалдарының жинағына енгізілмейді және кері жіберілмейді.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

111500, Қазақстан Республикасы, Рудный қ., 50 лет Октября көш., 38, тел./факс: 8(71431)50702.

Конференцияны ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 8(71431) 50882 қос.120, Рудный индустриялық институтының бас ғимараты, 145-кабинет. E-mail: metodistrii@mail.ru

Сіздердің өтінімдеріңізді күтеміз, конференция жұмысына шығармашылық пен белсенді қатысуға үміттенеміз!

Жұмысқа қатысуға өтінім

Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылардың ұлы ойшыл, философ, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ғылым. Білім. Жастар» Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы

 

1 Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (толық)
2 Қала
3 Білім беру мекемесінің/ғылыми ұйымның атауы
4 Курс, топ, сынып, жұмыс орны (оқушы, студент, магистрант, докторант, оқытушы)
5 Баяндама атауы
6 Секцияның, дөңгелек үстелдің нөмірі және атауы
7 Ғылыми жетекші (Т.А.Ә., ғылыми дәрежесі, лауазымы)
8 Байланыс деректері (телефон нөмірі,

электрондық пошта мекенжайы)

9 Сіз үшін қосымша және маңызды ақпарат

 

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте