Назар аударыңыз! Академиялық ұтқырлық шеңберінде (бакалавриат) шетелде оқу үшін конкурс жарияланады.

Назар аударыңыз! Академиялық ұтқырлық шеңберінде (бакалавриат) шетелде оқу үшін конкурс жарияланады.

 

Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушылар Рудный индустриялық институтының кеңсесіне келесі құжаттар пакетін ұсынуы қажет:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6976 болып тіркелген) Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен бекітілген нысан бойынша білім алушының өтініші (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесі;

3) Білім туралы құжаттар: ЖОО-ның мөрімен расталған ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт;

4) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төмендегі құжаттардың бірін ұсынады):

бар болған жағдайда шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері арқылы алынған сертификат;

шетелдік ЖЖОКБҰ-ның шетел тілінің деңгейі бар студентті қабылдауға келісуі туралы хат;

РИИ тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес);

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) бекітілген №072/е нысаны бойынша Медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);

6) Қазақстан Республикасынан кету кезінде он сегіз жасқа толмаған жағдайда, үміткердің ата-анасының, қорғаншыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі;

7) студенттің көп балалы отбасын растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;

8) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер санаты үшін (бар болса);

9) студенттің мүгедектігін растайтын құжат (бар болса).

Анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 87143150702

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте