Автоматтандыру және басқару
АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
МАМАНДЫҚ ЖАЙЛЫ
Экономикалық зерттеулердің ұлттық бюросының (NBER) ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмылдырылған ғалымдардың болжамы бойынша, еңбек нарығында мамандықтарды машиналармен, автоматтандырылған жүйелермен және роботтармен алмастыру күтілуде.
Бүгінгі күнде 5, 10, 20 жылдан кейін қандай мамандықтар сұранысқа ие болатындығы жайлы белсенді пікірталас жүруде. Автоматтандырылған технологиялар мен робототехника әр сала бойынша барлық орындаушы мамандықтарды араластырады. Қазіргі заман жастарына өзі тәріздес түлектермен ғана емес, сонымен қатар жансыз роботтармен де бәсекеге түсуге тура келеді.
Робототехника, автоматтандыру және басқару жаңа сұранысқа ие мамандыққа айналуда.
Алдағы жылдары роботтарды бағдарламалайтын, оларды құрастыратын, олардың жағдайын жақсартып және олардың аккаунтингімен айналысатын, автоматтандырылған тораптар мен өнеркәсіпті жобалау, қаптамалау және монтаждаумен айналысатын адамдар сұранысқа ие болады.
Келтірілген біліктілікті біз Сізге «Автоматтандыру және басқару» бағдарламасы бойынша білім алу арқылы алуды ұсынамыз.
Келтірілген білім беру бағдарламасының түлектері – сәйкес біліктілігі мен еңбек өтілі болған жағдайда – жаһандық еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие болады.
САЛАДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР
Робототехника және дрондар
Заманауи өндіріс бара-бара интеллектуалды бола түсуде. ХХІ ғасырдағы өндіріске тән сипаттама адамдарды интеллектуалды роботтармен және автоматтандырылған жүйелермен жаһандық алмастыру болуда.
Бұлтты технологиялар мен қашықтықтағы мониторинг
Қашықтықтағы мониторинг таралуды жалғастыруда, ал бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету құрылғылары жақсаруда.
Мобильді байланыс технологиялары жақсаруда, қолжетімді және оларды пайдалану оңай. Ұялы байланысты көбінесе қашықтықтағы мониторинг үшін қолдану таң қаларлық жағдай емес. Контроллерде ұялы байланыс пен хабарлама жазу технологияларын қолдану тек қана ұлғаятын болады. Жаңашылдықты дамыту интернет, бұлтты есептеу, ережелерге негізделген БҚ, ІР-видео және аудио байланыс тәрізді технологиялардың көп мөлшерін пайдалану бағытында жүреді.
Үлкен деректер технологиялары (Big data)
«Үлкен деректер» автоматтандыру үдерістерін талдау және оңтайландыру, сонымен қатар тиімділік пен үнемділікті арттыру үшін қолданылады. Біз шынайы уақыт режімінде келіп түсетін деректер көзінің көп мөлшерін қарамағымыздан өткізетіндіктен, автоматтандыру жүйелеріндегі деректер мөлшері айтарлықтай көп мөлшердегі өсімді басынан өткеруде.
Заттар интернеті және ақылды құрылғылар
ССS болжамы бойынша 2020 жылдары интернетке 50 миллиардтан астам әр түрлі техникалық құрылғылар қосулы болады, демек заттар интернеті – бұл жаңадан жаңалықтар күтуге болатын құрылым.
Барлық ақылды техниканы жасау және оған қызмет көрсету үшін автоматтандыру және ақпараттық жүйелер саласындағы мамандар сұранысқа ие болатындығы анық жағдай.
Сымсыз технологиялар
Егер бүгінде кәсіпорындарда орнатылған сымсыз жабдықтар мен сымы бар жабдықтар санын салыстыратын болсақ, кәсіпорындарда сымсыз жабдықтардың таралуы әзірше даму кезеңінде. Сымсыз жабдықтар мөлшері ақырындап артуда, алайда бұл жерде айтарлықтай маңызды екі кедергі бар: біріншіден, сымсыз жабдықтардың бағасы әзірге жоғары, ол оны пайдалануды шектейді. Екіншіден, ақпараттық қауіпсіздікпен байланысты айтарлықтай қауіптену бар.
Шынайы уақыт автоматикасы
Өнеркәсіптік және тұрмыстық сандық автоматиканың кенеттен арзандауы кез-келген кәсіпорында автоматтандырудың 2-3 деңгейлі жүйесін қолдану қажеттілігіне әкеліп соқты.
Өндіріс деңгейі мен бизнесті автоматтандыру жүйесі арасындағы тығыз біріктіру құны өндірісті жақсарту тәсілі ретінде айқынырақ бола түсуде. Бизнес-даму схемасында бұл біріктірудің келесі логикалық қадамы. Автоматтандыру жүйелері (ЕRР және т.б.) әдеттегідей өндірісте қандай жағдай болып жатқандығын шынайы уақытта көрсетпейтін, ал ақпаратты кезеңдік жаңартулар арқылы алатын архитектураны қолданады.
Өндірісті автоматтандыру жүйесінің рөлі бизнесті автоматтандыру жүйесі шынайы уақыт режімінде транзакцияларды өңдеу жағына қарай дамуына байланысты өзгереді, бұл толықтай синхрондалған операцияларға алып келеді. Кейбір вендорлар қазірдің өзінде ОРС UА арқылы ұжымдық бизнес-жүйелермен тікелей байланыс жасайтын, ПЛК ұсыну арқылы бұны жүзеге асыруда.
МЕН КІМ БОЛАМЫН?
БӨҚжА инженері
Байланыс инженері
Техникалық қолдау инженері
Инженер-жобалаушы
Радиоэлектрондық құрылғыларды баптау инженері
Алынатын біліктіліктер:
1. роботтандырылған, автоматы, автоматтандырылған және ақпараттық жүйелерді, деректер мен ақпарат ағындарын жіберу құралдарын жобалау, жөндеу және пайдалану;
2. технологиялық үдерістер жағдайын диагностикалау мен бағалау үшін аналитикалық және экспериментті зерттеулер өткізу;
3. Күрделі жүйелердің, өндірістік және технологиялық үдерістердің үлгілерін құрастыру;
4. Орындаушылар ұжымының жұмысын басқару және ұйымдастыру.
ОҚЫТУ НЫСАНЫ МЕН МЕРЗІМІ
Күндізгі оқыту нысаны
Күндізгі қысқартылған оқыту нысаны
ҚО мен күндізгі оқыту нысаны
(екінші жоғары білім базасында)
ҚО мен күндізгі оқыту нысаны
(техникалық және кәсіптік білім базасында)
Кешкі оқыту нысаны
(екінші жоғары білім базасында)
Кешкі оқыту нысаны
(техникалық және кәсіптік білім базасында)
МАМАНДЫҚТЫ ОҚЫТУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Қашықтықтан интернет арқылы білім беру
Заманауи қоғамның дамуы мобильділіксіз, сонымен қатар білім беру қызметтері бойынша мобилділіксіз ақылға қонымсыз. РИИ «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша білім алуды сіз әлемнің кез-келген жерінде болсаңыз да жүзеге асыра аласыз, сізге қажеті тек қана компьютер мен интернет.
Қосымша біліктіліктер
Жұмысшы мамандықтарға дайындық Орталығының жұмысы аясында қосымша біліктілікке ие болу: «Техникалық қызмет көрсету және ремонттау жөніндегі электромеханик», «БӨҚжА электромеханигі».
MICROSOFT IMAGINE ACADEMY қатысу
Бұл білім беру бағдарламасы қарастырады: студенттерді Microsoft Offiсe және басқа бағдарламаларды тиімді пайдалануға үйрету, студенттерді бағдарламалық қамтамасыздандыру мен қолданбаларды дайындаушы рөліне дайындау, бұлттың, клиенттердің, құрылғылардың деректер базасы мен Offiсe 365 инфрақұрылымын басқару аясында сәтті қызмет жасауды дамытуға қажетті, негізгі техникалық білімді меңгеруін қарастырады. Үздік студенттерге сертификаттаудан тегін өтуге құқық берілген (Microsoft Office Specialist (MOS), Microsoft Technology Associate (MTA), Microsoft Certificiations Solutions Associate/Expert (MCSA/MCSE).
МАМАНДАНДЫРУ ЖӘНЕ ПӘНДЕР
-
Электроника және сандық схемотехника
-
Метрология және өлшеу
-
Автоматтандыру жүйесін жобалау мен монтаждау
-
Автоматтандырылған электр жетегі
-
Басқару жүйесіндегі микропроцессорлық кешендер
-
Контроллерлерді бағдарламалау
-
Гидро-пневмоавтоматика негіздері
-
Типтік технологиялық үдерістер мен өндірісті автоматтандыру
-
Энергия өндірісі мен жалпыөнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық негіздері
-
Электротехнологиялық және жалпыөнеркәсіптік қондырғылар
-
Контроллерлерді бағдарламалау
-
Гидро-пневмоавтоматика негіздері
-
Басқару жүйесінің диагностикасы мен сенімділігі
-
Технологиялық үдерістерді АБЖ
-
Тау-кен-технологиялық үдерістердің технологиялық негіздері
-
Тау-кен-технологиялық үдерістерді автоматтандыру
-
Телемеханикалық жүйелер және тау-кен-технологиялық үдерістерді басқару
-
Тау-кен-технологиялық үдерістері
-
Тау-кен машиналары мен транспорттық жүйелер
-
Автоматты қадағалау жүйелері
-
Ақпараттың қолданбалы теориясы
-
Типтік технологиялық үдерістер мен өндірісті автоматтандыру
-
Байыту фабрикаларын автоматтандыру
-
Телемеханикалық жүйелер және байыту фабрикаларының технологиялық үдерістерін басқару
-
Пайдалы қазбаларды байыту
-
Байыту фабрикаларының жабдықтары
СТУДЕНТТЕРДІ ТӘЖІРИБЕЛІК ТҰРҒЫДАН ДАЙЫНДАУ
Студенттер ҚР нарығындағы жетекшілерді автоматтандыру орталықтарында кәсіптік тәжірибеден өту кезеңінде тәжірибелік тұрғыдан машықтанады
БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕРІМІЗ
РАУ АЛЬБЕРТ ПАВЛОВИЧ
Қазақстан Республикасының инвестиция және даму бойынша бірінші вице-министрі, профессор, э.ғ.д. РИИ Бақылау Кеңесінің өкілі.
Өзімнің білікті маман әрі басқарушы ретінде қалыптасқаным үшін өз институтыма разымын. РИИ білім алған алғашқы күннен бастап автоматтандыру кафедрасының жоғары біліктілікті профессорлық-оқытушылық құрамы бізге тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен қатар өз мамандығымызды мақтан тұтуға үйретті. Бүгінгі күні әлем 4.0 Индустриясына қадам жасауда, оның негізін ІТ технологиялар мен өніріс үдерістерін автоматтандыру құрайды. Сол себепті инженер – автоматшы экономиканың барлық салаларында әрқашан сұранысқа ие болады.
МАЛАШЕНКО ВАЛЕРИЙ ПЕТРОВИЧ
Старооскольдік технологиялық институттың біліктілік арттыру факультетінің деканы, э.ғ.д.
Студенттік жылдар және оқу үдерісі – бұл әрине баяғыда болған, дегенмен РИИ ең үздік техникалық ЖОО бірі және болашақтағы өмірге апаратын лайықты билет.
ИМЕКЕШЕВ БАҒДАТ
АҚ «Донской ТБК» ТНК «Казхром» автоматтандыру зертханасының басшысы
Институтты мамандығым бойынша 2000 жылы аяқтадым. Оқу қызықты әрі және кейін тәжірибе көрсеткендей өте тиімді болды. Жалпы айтқым келетіні, таңдаған мамандығы бойынша білім алғылары келетін кафедра түлектері жұмыс берушілер арасында үлкен сұранысқа ие, және де бұл оқытушылар еңбегін ең жоғары бағалау болып табылады.
БЕЛИЧЕНКО ВИКТОР ВЯЧЕСЛАВОВИЧ
БАҚ «Пермдік хладокомбинат «Созвездие» ИТ бөлімінің басшысы
Бізге білім берген ұстаздардың бәріне алғыс айтқым келеді! Институтқа және біздің кафедраға әрі қарай даму мен жақсылық тілеймін! Мамандық – ең үздік!
АХМЕТЗЯНОВ ВЛАДИМИР СЕРГЕЕВИЧ
АҚ ССКӨБ «Рудоавтоматика» ЦЛАМ ӨТБ басшысы
«Сол қысқа ғана бес жылдың ішінде көптеген жағдайлар болды – ер жеттік, ақыл қостық, өмірге қуандық, бірақ ең бастысы өз бетімізбен өмір сүруге, шешім қабылдауға және ол үшін жауап беруге үйрендік.
Уақыт көрсеткендей – біздің әрқайсымызды бар ынталарымен негізінде дұрыс жағдайларға үйреткен. Барлықтарыңызға рахмет!».
ДУБОВИК МАРИНА ИВАНОВНА
Кадрларды қайта дайындау орталығының жетекшісі
«ЖОО оқытушыларының жоғары біліктілігі, білім беруде қызықты әрі инновациялық әдістерді қолдану және де заманауи білім беру технологияларын қолдану арқылы РИИ білім беру жалпы алғанда кәсіптік дайындықтың жоғары сапасын береді! Оқытушылар құрамына дарынды студенттерді, ал студенттерге – қызықты жұмыс істеулерін тілеймін!»