Акпараттық жүйелер

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

Технология және бизнес бакалавры

Оқыту үш тілде жүргізіледі

(Қазақ, Орыс, Ағылшын)

Математика

МАМАНДЫҚ ЖАЙЛЫ

Бүгінгі күні ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты мамандықтар қарқынды дамушы және сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып табылады. Есептеу техникасы мен байланыс құралдарының дамуы, компьютерлердің адам қызметінің барлық салаларына енуі бизнес, өнеркәсіп және басқару үшін ИКТ-мамандардың үнемі ұлғаюшы сұранысқа ие болатындығын айтуға мүмкіндік береді.

ИКТ саласы әлемді өзгертті және де оның ары қарай өзгеруінде негізгі рөл алады. Компьютерсіз біз жұмыс жасай алмаймыз, және де оның тілін білетін адамдар – әр жерде сұранысқа ие. Канада, Германия және де басқа елдер шет елдік ИКТ-мамандарды бос жұмыс орындарын толықтыру үшін жұмыспен қамтамасыз етуге әзір.

Бес жыл ішінде компаниялар не Интернетке ұсынылады, не болмаса қызметін тоқтатады», — бұл сөзді 1999 жылы Intel Энди Грувс корпорациясының басшысы айтқан еді. Оның болжамы сол кезде тым қайшылықты мәлімдеме болып көрінген еді, бірақ та бүгінде тіпті белсенді емес адамдардың өзі де оның сөзінің дұрыстығын мойындауға мәжбүр.

Ресейдегі және ТМД елдеріндегі ІВМ қаржы директоры Александр Гертнердің сөзі бойынша, қазір біз ІТ-бизнестің түрлену үдерісінің ең бір есте қаларлық сәтін бастан өткерудеміз. «Әлемдегі алпауыт таксопарк UBER-де автокөліктер жоқ, ең танымал медиаресурс Facebook контент құрастырмайды, ең үлкен бөлшектеп сату компанияларының бірі Alibaba-да өз дүкендері жоқ, ал қомақты қонақ үй желісі AirBnB-де бірде-бір нөмір жоқ». Қоғамның компьютерленуіне қарсы тұрудың еш мәні жоқ. Жағдай осылай болғандықтан, әлемге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша мамандар көптеп қажет. Олар кімдер? Олар бағдарламашылар, компьютерлік желілер администраторлары, web-дизайнерлер мен құрастырушылар, ақпаратты қорғау мамандары, деректерді өңдеу мамандары, компьютерлік графика және анимация мамандары, жасанды интеллект және роботтарды бағдарламалау саласының мамандары және де компьютерлік әлемге қызмет көрсететін әр күн сайын пайда болатын көптеген жаңа мамандықтардың мамандары.

Олардың барлығы — сәйкес біліктілігі мен еңбек өтілі болған жағдайда – жаһандық еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие болады. Қазақстанда компьютерші мамандығы қазірдің өзінде беделді және жалақысыда жақсы. Осы саланың мамандары үнемі сұранысқа ие. Сол себепті көптеген студенттер екінші-үшінші курстың өзінде ақ қосалқы жұмысқа орналаса алады, және де оларда ары қарай жұмыс іздеу мәселелері пайда болмайды.

Мамандар оффшорлық деп аталатын бағдарламалаудың үлкен мүмкіндіктері жайлы айтуда, мұнда шет елдік компаниялар фрилансерлермен бағдарламалық қамтамасыздандыру әзірлеуге тапсырыс береді.

САЛАДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

МЕН КІМ БОЛАМЫН?

Бағдарламашы

Web-дизайнер

Желілік администратор

Техникалық қолдау инженер

АТ-жобаларының менеджері

Алынатын біліктіліктер:
1. роботтандырылған, автоматы, автоматтандырылған және ақпараттық жүйелерді, деректер мен ақпарат ағындарын жіберу құралдарын жобалау, жөндеу және пайдалану;
2. технологиялық үдерістер жағдайын диагностикалау мен бағалау үшін аналитикалық және экспериментті зерттеулер өткізу;
3. Күрделі жүйелердің, өндірістік және технологиялық үдерістердің үлгілерін құрастыру;
4. Орындаушылар ұжымының жұмысын басқару және ұйымдастыру.

ОҚЫТУ НЫСАНЫ МЕН МЕРЗІМІ

Күндізгі оқыту нысаны

Күндізгі қысқартылған оқыту нысаны

ҚО мен күндізгі оқыту нысаны

(екінші жоғары білім базасында)

ҚО мен күндізгі оқыту нысаны

(техникалық және кәсіптік білім базасында)

Кешкі оқыту нысаны

(екінші жоғары білім базасында)

Кешкі оқыту нысаны

(техникалық және кәсіптік білім базасында)

МАМАНДЫҚТЫ ОҚЫТУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

МАМАНДАНДЫРУ ЖӘНЕ ПӘНДЕР

  • Алгоритмдеу, деректер құрылымы және бағдарламалау
  • Желілік бағдарламалау негіздері
  • Мобильді платформаларға арналған бағдарламалау
  • Ақпараттық жүйелерді жобалау
  • ЕRР-қолданбаларды әзірлеу
  • Схемотехника
  • Антивирустық қамтамасыз етуді әзірлеу
  • Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау
  • Ақпараттық жүйелердегі деректер базасы
  • Компьютерлік желілер
  • Әкімдеу және ақпараттық жүйелер сенімділігі
  • Компьютерлік жүйелер архитектурасы
  • Компьютерлік графика
  • 3D-модельдеу және басып шығару
  • Мультимедиа-технологиялар
  • Web-дизайн
  • Web-бағдарламалау
  • Инновациялық менеджмент
  • Электрондық сауда
  • АТ-жобаларды басқару

СТУДЕНТТЕРДІ ТӘЖІРИБЕЛІК ТҰРҒЫДАН ДАЙЫНДАУ

Студенттер алдыңғы қатарлы АТ орталықтары мен кәсіпорындарында кәсіптік тәжірибеден өту кезеңінде тәжірибелік тұрғыдан машықтанады

2016 жылы студенттер Грецияның АТ-компанияларында тәжірибеден өтті: Foodtex Solution және ATS

БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕРІМІЗ

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте