Менеджмент
МЕНЕДЖМЕНТ
мамандар даярланды
мамандық түлектері жұмысқа орналасты
МАМАНДЫҚ ТУРАЛЫ
Қазіргі уақытта менеджер мамандығы мансап дамуы тұрғысынан ең қызықты және сұранысқа ие, жағары ақылы және перспективті мамандықтардың бірі болып табылады.
Белгілі бір құқығы бар және фирманың қызметіне қатысты шешімдерді еркін қабылдай алатын басқарушына менеджер деп атайды.
Бұл адам көптеген қасиеттерге ие болу керек, бірақ тәуелсіздік пен жауапкершілікті алу қабілетті сияқтылары ғана маңызды болып табылады. Олар жұмыс процессін оңтайландыруға және адамдарға көшбасшы әдісін тиімді қолдануға көмектеседі.
Менеджер – бұл ұйым ресурстарын басқаратын адам, сонымен қатар жеткілікті білім көлемі мен нақты мақсатқа жету үшін қажетті қасиеттерге ие. Мұндай ресурстар қаржылық, ақпараттық және адами деп есептелінеде. Менеджерлердің үш түрі бар: Төмен, орта және жоғарғы бірлік. Мәртебесі бойынша олар атқарушлар және басшылар болып бөлінеде.
Заманауи менеджерлер әлемде тиімді, басшылардың соңғы нәтижеге бағытталған, ауқымды білімді, шығармашылақ дағдылы, көп оқыған, басқарушылық қасиеттерге ие деп қабылданады.
Менеджерлердің жеңіске жету формуласы =көшбасшы+билік+жұмыс стильі-мансап!
Мансапта жетістіктерге жету үшін менеджердің не істейтінін түсініп қана қоймай, әрдайым жетілдіріліп тұру қажет, сондықтан менеджер – бұ экономикалық жағдайды талдай білетін адам. Жақсы менеджер:
- нарықтағы жағдайды біледі,
- ресурстарды қалай бөлу туралы біледі,
- бәсекелестік туралы бәрін біледі,
- адамдар мен кәсіпорынды қалай басқаруды тәжірибесі бар,
- технологиялық процессін егжей-тегдейін біледі,
- конъюктураның сұранысы мен тенденциясын болжап біледі,
- бастамашылық алады және шешім қабылдауға қорықпайды.
Менеджер не білуі керек? Мамандық менеджменттің негізін игеруге, процессті құруды білуге, басқа жұмыс берушілермен қарым-қатынасы ұстауға және адамдармен бірлесіп әрекет етуге міндеттейді.
Кәсіби және тиімді менеджменттің арқасында кәсіпорындар сверхдинамикалық өзгерістер жағдайында сәтті әрекет ете алады.
Тиімді басқару саласындағы жарық өкілдер – Джорж Сорос, Томас Эдиссон, Дэвид Рокфеллер, Генри Форд, Уоррен Баффетт — көптеген аңыздар жүрген бай және белгілі тұлғалар.
Заманауи жағдайда қаржы және банк жүйесіндегі мамандықтарға сұраныс ұлғаюды.
Сонымен қатар, адамдармен жұмыс істей алатын, ұжым құратын, алға қойған мақсаттарға жететін білікті менеджерлер қажет.
Барлық жеткізу ағындары үшін жауапты логист-маман. Тауарлардың апастарын талдаудан бастап тапсырыс беру мен соңғы қолданушыға транспорттау және жеткізуден аяқталады. Мұндай мамандарды жетекізу тізбегінің менеджері деп атайды, және олар ең қажетті және жоғары ақылы логистер деп есептелінеді.
МЕН КІМ БОЛАМЫН?
Персоналды басқару бойынша қызметтер маманы
Жоспарлау және экономикалық қызмет маманы
Несие сарапшысы
Қарды талдаушысы
Логист
Кәсіпкер
Жеткізу қызметі маманы
Кәсіпорын бөлімшелерінің басшысы (профиль бойынша)
ОҚУ ФОРМАСЫ МЕН МЕРЗІМІ
Күндізгі оқыту нысаны
Күндізгі қысқартылған оқыту нысаны
ҚО мен күндізгі оқыту нысаны
(екінші жоғары білім базасында)
ҚО мен күндізгі оқыту нысаны
(техникалық және кәсіптік білім базасында)
Кешкі оқыту нысаны
(екінші жоғары білім базасында)
Кешкі оқыту нысаны
(техникалық және кәсіптік білім базасында)
МАМАНДЫҚТЫ ОҚЫТУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Студенттердің «Ewjus», «1С Бухгалтерия», «Логистика» секілді заманауи бағдарламалық кешендермен жұмыс істеуге үйренуі
«Ewjus» бағдарламалық кешенімен жұмыс істеу әр түрлі эконометриялық модельдерді қолдану арқылы өңдеуге, талдау жасауға және шешім қабылдауға мүмкіндік береді. «1С Бухгалтерия» бағдарламасы коммерциялық қызметтің әр түрі бойынша бухгалтерлік есеп жүргізуге үйретеді. «Логистика» бағдарламасы логистикалық қызметті жүзеге асыруға үйретеді.
Студенттерді тәжірибелік тұрғыдан дайындау
Түлектердің тәжірибеден өтуі және ары қарай жұмысқа орналасуы біздің ұжымдық серіктестер кәсіпорындарындағы әр түрлі салаларда, келесідегідей республика мен өңірдің ірі компанияларында жүзеге асады:
- МБ «Әкімдік аппараты» Рудный қ.
- АҚ «ССКӨБ»
- АҚ «Қостанай минералдары»
- ЖШС «Восход-Феррохром»
- ЖШС «Лидер-2010»
- ЖШС «Меркурий – 2030»
- ЖШС «Арасан Фирмасы»
- ЖШС «Рудный су арнасы»
- ЖШС «Алтын Өмір»
- АҚ «Цеснабанк»
- АҚ «KaspiBank»
- АҚ «БанкЦентрКредит»
- АҚ «Еуразиялық банк және тағы басқалар».
Жұмыс берушілермен стратегиялық серіктес болу (алдыңғы қатарлы компаниялармен) білім беру бағдарламаларын бірігіп жетілдіруге, студенттердің дайындығын жүзеге асыруға, өндірісте кафедралардың филалдарын, оқу-өндірістік алаңдарын және зертханаларды құруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күнде келісім-шарттар бекітіліп Рудный қаласы әкімдігінің «Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы», Заңды тұлғалар бірлестігінің Қостанайлық филалы «Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің тәуелсіз ассоциациясы», ЖШС «Меркурий – 2030» секілді кәсіпорындар базасында «Экономика және менеджмент» кафедрасының филалдары жұмыс істейді.
«Қосалқы диплом» бағдарламасына қатысу мүмкіндігі
Оңтүстік-Орал Мемлекеттік универстиетінде (Челябі қ.), Орал мемлекеттік экономикалық университетінде (Екатеринбург қ.) қосалқы диплом бағдарламасымен білім алуға мүмкіндік бар. 2012 жылдан бері кафедрада Оңтүстік-Орал Мемлекеттік универстиетімен (Челябі қ.) бірігіп «Қосалқы диплом бағдарламасы» сәтті түрде жүзеге асуда. «Менеджмент» мамандығының студенттері үшін ООрМУ білім беру екі бағыт бойынша өткізіледі: «Менеджмент» және «Экономика».
2016 жылы қосалқы диплом бағдарламасы бойынша Рудный индустриялық институты және Орал Мемлекеттік универстиеті арасында жасалған келісім-шартқа қосалқы келісімге қол қойылды.
Білім беру қазақстанның және ресейдің алдыңғы қатарлы оқытушыларымен жүзеге асады.
Негізгі білім беру бағдарламасын меңгерген бакалаврлар ЖОО кейінгі білім алу бағдарламасы бойынша (магистратура, РһD доктарантура) оқуын жалғастыра алады. Студенттерді қосалқы сертификациялау жүйесін дамыту мамандық түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін дамытуға мүмкіндік береді, себебі жұмыс берушілер жұмысшы мамандығы бойынша сәйкес біліктілігі бар түлектерді жұмысқа алғанды жөн көреді.
Студент-менеджерлерді курстық дайындау курстарда оқытуды және келесі бағыттар бойынша сертификаттар алуды қамтиды: «1 С Бухгалтерия», «Адам ресурстарын басқару».
МАМАНДАНДЫРУ ЖӘНЕ ПӘНДЕР
-
Кәсіпорынның қаржылық және шаруашылық қызметін талдау
-
Коммерцияық қызмет менеджменті
-
Қаржылық жоспарлау
-
Басқару шешімдерін әзірлеу
-
Банк менеджменті
-
Макроэкономика
-
Микроэкономика
-
Экономикалық теория
-
Маркетинг
-
Статистика
-
Қаржы
-
Бухгалтерлік есеп және аудит
-
Кәсіпорынның экономикасы
-
Қаржы нарықтары және делдалдар
-
Баға белгілеу
-
Салық және салық салу
-
Контроллинг
-
Шаруашылық қызметін талдау
-
Іскерлік этика және культура коммерциялық қызмет мәдениеті
-
Персоналды басқарудағы кешендік диагностика
-
Әлеуметтік орта мен салалардағы менеджмент
-
Персоналдардың еңбек ұйымдастыру
-
Кадрлық іс-жүргізу
-
Макроэкономика
-
Микроэкономика
-
Экономикалық теория
-
Маркетинг
-
Статистика
-
Қаржы
-
Бухгалтерлік есеп және аудит
-
Кәсіпорынның экономикасы
-
Қаржы нарықтары және делдалдар
-
Баға белгілеу
-
Салық және салық салу
-
Контроллинг
-
Шаруашылық қызметін талдау
-
Кәсіпорынның қаржылық және шаруашылық қызметін талдау
-
Коммерцияық қызмет менеджменті
-
Қаржылық жоспарлау
-
Басқару шешімдерін әзірлеу
-
Банк менеджменті
-
Макроэкономика
-
Микроэкономика
-
Экономикалық теория
-
Маркетинг
-
Статистика
-
Қаржы
-
Бухгалтерлік есеп және аудит
-
Кәсіпорынның экономикасы
-
Қаржы нарықтары және делдалдар
-
Баға белгілеу
-
Салық және салық салу
-
Контроллинг
-
Шаруашылық қызметін талдау
СТУДЕНТТЕРДІ ТӘЖІРИБЕЛІК ТҰРҒЫДАН ДАЙЫНДАУ
Студенттер республикамыздың алдыңғы қатарлы кәсіпорындарында кәсіптік тәжірибеден өту кезеңінде тәжірибелік тұрғыдан машықтанады
БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕРІМІЗ
ПИНЧУК АНТОН
АҚ «ССКӨБ» Басқармасының маманы, 2011 жылғы түлек
Менің көзқарасым бойынша ең бастысы бұл өзіңнің қай жаққа бағыт алғандығыңды, алдыңа қандай мақсат қойғандығыңды анық білу, сонда сен өзіңе сенімді боласың.
Рудный индустриялық институтының «Экономика және құрылыс» факультетінде білім алу үшін қолайлы жағдай жасалған: бұл «Мененджмент» мамандығы бойынша қызықты әрі кәсіптік тұрғыдан толықтырылған білім беру бағдарламасы, жоғары біліктілікті оқытушылар, студенттерді тәжірибелік тұрғыдан оқыту және алған білімді қолдану. Сонымен қатар өзіңді жігерлендіру өте маңызды, ол ары қарай өзің таңдаған бағытта жұмыс істеуде және қызмет бабында көтерілуде мүмкіндіктеріңді анықтайды.
САЛЫКОВ АРЫСТАН
АҚ «ССКӨБ» ШӨФ еңбек және кадрлар бөлімінің инженері
Мен Рудный индустриялық институтында екі мамандық бойынша білім алдым, техникалық білімді және де «Бизнес және экономика» бағыты бойынша екінші жоғары білімді меңгердім.
«Менеджмент» мамандығының оқытушыларына, олардың біздің білім алған кезімізде бізге берген білімі үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Оқытушылар ұжымы бізге теориялық білімді тәжірибе жүзінде қолдануды үйретті. Біз алған білімімізді меңгеріп қана қоймай оны қолдана аламыз. Осы үшін үлкен алғыс.
Түлектерге айтар кеңесім біреу: ең алдымен өзіңіз қалайтын мамандықты анықтап алыңыз – кейі сізді бәріне үйретеді деп күтіп отырмаңыз. Өзіңіз таңдаған салаңыз бойынша ізденіңіз, жұмыс істеп тәжірибе жинаңыз, олай болмаған жағдайда сізде тек қана диплом мен алған біліміңіздің кішкене қалған бөлігі ғана қалады.
Заманауи нарық қызығушылығы мол, жан-жақты, өнертапқыш мамандарды жақсы көреді.
РЫЖИКОВА АЛЕКСАНДРА
ГККП «Рахат» бас экономисі
Білім алу жоғары білікті маман болуға жол ашады. Бұл тек қана бастапқы кезең секілді – ары қарай барлығы тек қана Өзіңізге байланысты.
Рудный индустриялық институтында «Менеджмент» мамандығы бойынша алған қомақты білімім – бұл мен үшін еш нәрсемен тең келмейтін құндылық.
Біреуге үйрету мүмкін емес – өзіңнің үйренуің ғана мүмкін екендігін ұмытпаған жөн. Ойлау қабілетінің жан-жақтылығынсыз, жетекшілік қасиетінсіз және алдыңғы қатарға шығуға деген талпыныссыз тіпті ең жақсы деген бизнес-білім алудың өзінің еш мәні жоқ.
Барлығына ешқашан берілмеуге және де тек қана алға ұмтылуға кеңес беремін, және де барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!.
ЮЛИЯ ПЫЛИК
АҚ «KaspiBank» несие бойынша маман
Студенттікті өміріміздің алтың кезеңі деп есептейтінмін. Қазірдің өзінде де сондай ойдамын. Себебі студенттік кезеңде көптеген жаңа білім алуға, өмірде ары қарай бірге қадам басатын жаңа қызықты адамдармен танысуға, жаңашылдықтарды байқап көруге, өмінден нені қалайтындығыңды анықтауға мүмкіндік бар.
Рудный индустриялық институтында «Менеджмент» мамандығы бойынша білім алу менің жеке тұлғамның өсуіне әсер етті, ал менеджмент бакалаврының дипломын алу қызметтік тұрғыдан өсуіме себепкер болды.
Бірінші курстың студенттеріне берер кеңесім: өзіңізге міндетті түрде сеніңіз, сонда ғана сіздің өміріңізде барлығы жақсы болады!
АНТОН ДЫКАЛО
ЖК «Happy Donuts» жеке кәсіпкер
Өмірде әркімнің өз жолы бар. Ең бастысы ненің қызықты екендігін, не нәрсе ұнайтындығын, қандай іспен айналысқың келетіндігін алдын-ала түсіну. РИИ жылдан-жылға білім алу кезінде мен өзіме, өзімнің болашағыма сенімдірек бола түстім және де өз аяғымнан нық тұрдым. Білім алу кезіндегі төрт жылдың ішінде менің ең басты үйренгенім – бұл әр дүниеге байыппен және тиімді тұрғыдан қарай білу, оның экономикалық ақиқатын түсіну, бизнестегі әрбір сөздің қадірін ұғыну.
Болашақта кім болсаңыз да менеджмент – бұл өмірде өз орныңызды табу үшін және кәсіптік қызметіңізді дамыту үшін қажетті маңызды тірек. Сол себепті тек қана алға және де Сіздің барлық алға қойған мақсаттарыңыз жүзеге асады дегім келеді!