Тау-кен ісі
ТАУ-КЕН ІСІ
маманы дайындалған
мамандық түлектері жұмыспен қамтылған
МАМАНДЫҚ ЖӨНІНДЕ
Қазақстанның тау-кен металлургиялық кешені ұлттық экономиканың негізгі саласы болып келеді. Біздің минералдық шикізат әлеуеті арқасында бұл сала болашақта да дамуын тоқтатпайды. Жақын арадағы он жылдықтарда пайдалы қазбаларға сұраныс жоғары дәрежеде болып қалады. Сол себепті бұл салалардағы жоғарыбілікті қызметкерлердің қажеттілігі сақталады.
Қазіргі кезде маңызды рөл атқаратын бірнеше фактор бар:
Күрделі кен орындарға ауысу
Өндіруші өнеркәсіп бірлестіктері күрделі кен орындарға, сондай-ақ жаңа қор түрлеріне ауысуда. Мәселен, қатпарлы газ, шельфті, терең кен орындары
Зиянсыздық талаптарының күшеюі
Кенді шығару зиянсыздығы, кен орынды жабу және пайдалы қазбаларды тасымалдау кезінде қоршаған ортаны қорғау талаптары күшеюде. Бұл салада биотехнологиялық шешімдер пайдалануда, мәселен, тау жыныстарын бактерия көмегімен тазарту. Тағы бір маңызды жағы – өндіріске жұмсалатын қуат шығындарын азайту мен қорды үнемді пайдалану
Қызметкерлердің жұмылғыштығы
Саладағы қызметкерлер жұмылғыштығының артуы – қазіргі кезде әр жұмысшы өндірістің соңынан көшуге дайын емес. Сол себепті, адам қатысуын қажет етпейтін технологиялар енгізіліп, қызметкерлер қашықтықта виртуалды басқару мен телеметриялық жүйеде жұмыс атқаратын болады
Қауіпсіздік технологияларының дамуы
Жұмыскер үшін өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін технологиялары белсенді дамуда
ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚ АЛЫП ШЫҒАМЫН?
Жүйелі тау-кен инженері
Тау-кен инженері
Телеметрия мағлұматтарының инженер – интерпретаторы
Өндіру салаларындағы талдаушы
Тау-кен ісі мамандығы аясында студенттер келесі салаларда қажетті білімді алады:
1. Пайдалы қазбаларды өндірудің автоматандырылған кешендерін күту, жобалау мен өңдеу;
2. Барлау жұмыстарынан бастап, кен орнын жабу мен топырақ құнарлығын қалпына келтіру жұмыстары циклінің 4D-үлгілеуі.
ОҚУ ТҮРЛЕРІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ
Күндізгі оқу түрі
Күндізгі қысқартылған оқу түрі
Қашықтықтағы білім беретін технологиялармен күндізгі оқу түрі
(екінші жоғары білім негізінде)
ҚБТмен күндізгі оқу түрі
(техникалық және кәсіптік білім негізінде)
Кешкі оқу түрі
(екінші жоғары оқу негізінде)
Кешкі оқу түрі
(техникалық және кәсіптік білім негізінде)
МАМАНДАНДЫРУ МЕН ПӘНДЕР
-
Тау-кен технологиясының негізі
-
Кен орынның тау-кен бағалануы
-
Разрушение горных пород взрывом
-
Кен жыныстарын жарылыс арқылы бұзу
-
Тау-кен тасымалдау көліктері мен жабдықтары
-
Ашық тау-кен ісінің компьютерлік графикасы
-
Өндіріс процестерінің автоматтандырылуы
-
Тау-кен квалиметриясы мен кен сапасының тұрақтылығы
-
Терең карьерлердің технологиялық тасымал құралдары
-
Карьерлерді жобалау
-
Тау-кен кәсіпорынның құрылысы
-
Сілем күйін басқару
-
Ашық тау-кен жұмыстары процестері
-
Ашық тау кен жұмыстары технологиясы
-
Геодезия
-
Өңдеу теориясы мен ең кіші квадрат тәсілі
-
Жоғары геодезия
-
Маркшейдерлік-геодезиялық жабдықтар
-
Маркшейдерліктегі компьютерлік графика
-
Жер қойнауы геометриясы
-
Маркшейдерліктегі технологиялар мен геоақпараттық жүйелер
-
Маркшейдерлік-геодезиялық өлшеулердің автоматтандырылуы
-
Сілем тұрақтылығын қамтамасыщдандыру бойынша маркшейдерлік жұмыстар
-
Карьердегі маркшейдерлік жұмыстар
-
Шахтадағы маркшейдерлік жұмыстар
-
Тау кен кәсіпорнының құрылысы кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар
-
Тау-кен технологиясының негіздері
-
Кен орнын тау кен – технологиялық бағалануы
-
Тау жынысын жарылыс арқылы бұзылуы
-
Тау кен жерасты жұмыстарының компьютерлік графикасы
-
Өндіріс процесстерінің автоматтандырылуы
-
Тау кен квалиметриясы мен кен сапасының тұрақтылығы
-
Сілем күйін басқару
-
Тау кен жеасты жұмыстары процестері
-
Тау кен жерасты жұмыстары технологиясы
-
Тау кен жерасты қазбаларын жүргізу
МАМАНДЫҚТА ОҚУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Surpac және Micromine заманауи геоақпараттық жүйелермен жұмыс істеу
Бұл жүйелермен жүмыс істеу нәтижесінде студенттер тау кен өңдеу процессі мен геобарлау кезінде әрбір кезеңді басқару, қадағалау және жетілдіру дағдыларына үйренеді, сонымен қатар ашық және жерасты жұмыстарын үлгілеу және күнделікті өндіріс мәселелерін шешу мен жобалау жұмыстарын жеңілдететін құралдарды жасау
Қосымша мамандық
Жұмыс маманын даярлау орталығы аясында қосымша мамандық алу
MICROSOFT IMAGINE ACADEMY–ге қатысу
«Тау кен ісі» білім беру бағдарламасы келесі жағдайларды ескереді: Microsoft office және басқа бағдарламаларды тиімді падалану, бағдарламалы қамтамасыздандыру мен қосымшалар құрастыруға дайындау, клиенттер инфрақұрылымын, құрылығылар мен оффис 365 дерекқорын басқарудағы сәтті мансап үшін негізгі техникалық дағдылырға үйрету. Үздік студенттерге МОС, МТА, МССА/МССЕ сертификаттауынан тегін өту мүмкіндгі беріледі
СТУДЕНТТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ДАЙЫНДАЛУЫ
Студенттер тәжірибелік дағдыларын ең үлкен тау кен өндіретін кәсіпорындарында кәсіби тәжірибе кезінде машықтанады:
БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕРІМІЗ
ТУРДАХУНОВ МУХАМЕДЖАН МАМАДЖАНОВИЧ
Қостанай облыстық маслихатының депутаты, техника ғылымдарының кондидаты, Ш Е Есенов атындағы премия лауреаты, 2002 ж Рудный индустриалдық институтының түлегі, «Пайдалы қазбалар кен орындарының ашық өңделуі» мамандығы, 1997 ж – АО ССГПО –ның бірінші вице-президенті, бас менеджері, 1999-2014 ж – АО ССГПО президенті.
“РИИ ұжымында қалыптасқан игі дәстүр, ғылыми әлеует пен жиналған құнды тәжірибенің арқасында бүгінгі күнде осы оқу орынның сәтті дамуына, білім беру үрдісін жетілдіру, зерттеу жұмыстарын жемісті өткізуге жағдай туғызады. «Тау-кен ісі» мамандығы түлектерінің қажеттілігі Оқу орынның жұмыс сапасының басты көрсеткіші. Бұнда оларға теңдесетін ешкім жоқ! РИИ – жас, серпінді, жас ЖОО. Жастар үшін нағыз магнит! РИИ дипломы – Қазақстанның және шетелдің түкпірлерінде сапа белгісі.”
КЛЮКА ФЕДОР ИВАНОВИЧ
Тау-кен ғылымы академиясының мүшесі, Старый Оскол қаласының құрметті азаматы. Қызыл Еңбек орденімен, 3 және 4 дәрежелі «Отан алдындағы қызметі үшін», «Еңбектегі озаттық белгісі», « Кенші мәртебесі» барлық дәрежелері, 1981 ж – РИИ түлегі, «Пайдалы қазбалар кен орнын ашық өңдеу технологиясы мен кешенді механикаландырылуы», 1960-1980 жж – ССТБК элетр монтеры, өндіріс бөлімінің бастығы. « Социалистік жарыс жеңімпазы» үш дүркін марапатталуы, 1984 ж – Стойленск тау-кен – байыту комбинатының бас инженері, 1988 маусым – өндіріс кәсіпорының бастығы, 1992 ж – кәсіпорынның бас директоры, қазіргі кезде – «ПромАгро» ассоциациясы» холдингтік басқар компаниясының президенті.
“Студенттік кезімді, керемет оқытушыларымды, институттың қабырғаларда патшалық еткен мыңдаған инженер, технолог, экономистерге өмірге жолдама берген ұмытылмас ахуалды сүйсінушілікпен еске аламын. Бүгін РИИ жалғыз оқу-өндіріс кешен ретінде жұмыс атқарады. Мемлекеттік, инуверситет аралық, ғылыми-техникалық бағдаоламалар аясында ғылыми және қолданбалы зерттеу жұмыстары өткізіледі. Келешекті мамандықьар бойынша оқу жүргізіледі, жаңа технологияларды қолдану, білім беру бағдарламаларының әртүрлілігі РИИ-дің беделін тек Қазақстанда ғана емес, жақын шетел елдерде де жоғарылата түседі”
АЛЬКЕНОВ ЕРЛАН ДОСТАНОВИЧ
1984 ж – РИИ түлегі, «Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық өңдеу технологиясы мен кешенді механикаландырылуы» мамандығы, мансабы: ССТБК Сарыбай РУ экскаватор машинисті көмекшісі, 1987 ж – тау бүйірін баурайлау тау-кен аумағының тау-кен шебері Сарыбай РУ, 1995 ж – ССТӨО орталық зертханасының өндірістік санитариясы мен ауа бассейнін қорғау бойынша арнайы зертхананың 1 дәрежелі инженері, осы зертхананың бастығы, 1998 ж – АҚ «ССГПО» ТББ өндіріс саитариясы мен қоршаған ортаны қорғау арнай зертхананың бастығы, АҚ «ССГПО» ТББ бастығы. 2005 ж – АҚ «ССГПО» әлеуметтік мәселелер бойынша вице-президент.
“Институт бітірген күнім алыстап бара жатқан сайын, оны есіме жиі еске алып жүремін. Мүмкін, 4 жыл оқуым бір сәттей тез өтіп кеткеннен шығар. Мамандығымды жаныма жақын болғандықтан, сол жылдарым мен үшін ерекше құнды. Институтпен бірге есейдім деуге де болады. Керемет оқытушылардан, ғажайып тұлғалардан, ең жоғары сапада білім беретін мамандардан білім алғанымды мақтаныш етемін”
БУРНЯШЕВ АНДРЕЙ ГЕННАДЬЕВИЧ
1988 ж РИИ түлегі, мамандығы «Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық өңдеу технологиясы мен кешенді механикаландырылуы». 1990 ж – ССГПО Сарыбай РУ т/ж жолдарын қайта қалау аумағының шебері, 1994 ж – ССГПО Сарыбай РУ т/ж үйінді аумағының экскаватор машинисттің көмекшісі, 1996-2000 ж – ССГПО Сарыбай РУ өндірістік бөлімінің тау-кен диспетчері, 2000-2005 ж – ССГПО Сарыбай РУ өндірістік бөлімі бастығының орынбасары, 2005-2007 ж – ССГПО Сарыбай РУ директоры, 2008 ж бастап – АО ССГПО өндірістік Басқару бөлімінің бастығы.
“57 жыл кезеңі ішінде ғылымда, мемлекеттік қызметте үлкен жетістікке жетіп, өзінің саласында лайықты қызметкер болған мыңдаған жоғары білікті мамандар оқытылған. Институт түлектері қайда жұмыс атқармаса да жоғары біліктілікпен, табандылық пен таңдаған мамандығына адалдылықпен ерекшеленеді. Сонымен қатар, РИИ-да әлеуметтік инфраструктура жақсы дамыған, студенттер мен оқытушылардың рухани дамуына көп назар аударылады. Көптеген студенттік ғылыми орталықтың секциялары ме нүйірмелері, мәдени мереке ұйымы студенттің қызығушылық пен дарынның дамуына, ғылыми-зерттеушілік, спорттық, шығармашылық қабілеттердің танылуына себеп болып, студенттердің белсенді және тиімді демалуын ұйымдастырып, келешектегі кәсіби қызметке тәжірибе жинауға көмегін тигізеді. Осыған орай РИИ түлектері жан-жақты дамыған, кәсіби дайын маман болып шығады”
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ
1984 ж – РИИ түлегі, мамандығы : «Пайдалы қазбалар кен орнының ашық өңдеу технологиясы мен кешенді механикаландырылуы», қазіргі кезде – Қазақстан-Ресей бірлескен көмір байыту кәсіпорынның «Богатырь» тілегінің директоры.
“Тау-кен өңдеу өндірісінің саласына маман дайындайтын «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының оқытушылары жоғары кәсіби бағаға лайықты. Профессор Мулянбаев Турсун Исхаджановичтің ұдайы еңбегін ерекше атап айтқым келеді. Ол жоғары тәжірибеге ие болып, тау-кен бағытындағы мамандарды дайындауда жанын салып жұмыс істеген. Оқытушылар мен түлектеріміз институтымызды шетелде де, елімізді де басқару лауазымдарында абыройлы көрсету дәстүріміз болып кеткен. « Карьерлерді жобалау», «Ашық тау-кен жұмыстары процестері», «Тау-кен ісі технологиясы», «Тау жыныстары физикасы», « Тау жыныстарын жарылыс арқылы бұзу» пәндері есімде жақсы сақталып, кәсіби мансап кезінде ерекше көмек берген”
САНДИБЕКОВ МАНАРБЕК НАЗАРБЕКОВИЧ
1975 жылы КазПТИ Рудный филиалының тау-кен факультетін «Пайдалы қазбалар кен орындарының ашық өңдеу технологиясы мен кешенді механикаландырылуы» мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты (Ленинград ТКИ). Қазіргі кезде – ҚазҰТУ Тіркеу Офисі директорының орынбасары.
“Оқу ғылыммен, қоғамдық жастар істерімен – сапжасақтар, студенттік дружина, Кеңес Одағының барлық қалаларындағы тәжірибеге толы студенттік кезім әрдайым есімде болады. Оқытушыларымды әрдайым сүйіспеншілікпен еске аламын”