Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

ӨМІР ТІРШІЛІГІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Техника мен технология бакалавры

Оқыту үш тілде жүргізіледі

(қазақ, орыс, ағылшын)

Математика

мамандық түлектері жұмыспен қамтылды

МАМАНДЫҚ ЖАЙЛЫ

Өндірістің күрделенуі мен жаңа технологиялардың пайда болуы қоршаған ортаға кері әсер етуді ұлғайтады және көп мөлшерде зілзалалар мен апттардың пайда болуына, кәсіптік аурулар деңгейінің өсуіне, жарақаттанушылық пен адамдардың дүниеден өтуіне алып келеді. Адамның қоршаған ортаға әсер етуінен, оның қоршаған ортамен әрекеттесуінен және адамның технологиялық өркениеттің негізгі нысаны – техносферадан қашып құтылу мүмкін емес. Осы үдерістердің барлығы өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласында мамандар даярлаудың өзектілігін көрсетеді. Уақыт талабы – бұл адамның техносферамен және қоршаған ортамен әрекеттесуі кезінде, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты кез-келген мәселені шешуге қабілетті білікті мамандар. Олардың міндеті техносфераның қауіпсіз және экологиялық таза қызмет етуін, табиғи ресурстарды тиімді қолдануды, апаттар мен зілзалаларды болжау мен жоюды қамтамасыз ету.

ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК, ЭКОЛОГИЯ, ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

МЕН КІМ БОЛАМЫН?

Еңбекті қорғау бөлімшелерінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың экологиялық бөлімшелерінің инженері мен басқарушысы

Қоршаған ортаның ахуалын қадағалаумен айналысатын мекемелердің инженері мен басқарушысы

Сарапшы ұйымдардың инженері мен басқарушысы; АҚ, ТЖМ, ІІМ және т.б. әр түрлі қызметтерінің қызметкері

Студенттер келесідегідей қажетті біліктілік алады:  

  • Өмір тіршілігінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды, ТЖ кезінде қорғанысты қамтамасыз етуге арналған тезнологиялық жүйелерді, желілер мен жабдықтарды жобалау, әзірлеу, қолданысқа енгізу және пайдалану
  • Кәсіпорынның, ұйымның және азаматтардың шаруашылық және басқа қызметтерін сараптау мен тексеруді өткізу; адам мен қоршаған орта қауіпсіздігі тұрғысынан алып қарағанда сараптама нысанын жүзеге асыру мүмкіндігін бағалау

Нормативті-техникалық және нормативті-экологиялық құжаттаманы, қоршаған ортаны қорғаумен және өмір тіршілігінің қауіпсіздігімен байланысты техникалық және жұмыс құжаттары мен жобаларын әзірлеу және т.б.

ОҚЫТУ НЫСАНЫ МЕН МЕРЗІМІ

Күндізгі оқыту нысаны

Күндізгі қысқартылған оқыту нысаны

ҚО мен күндізгі оқыту нысаны

(екінші жоғары білім базасында)

ҚО мен күндізгі оқыту нысаны

(техникалық және кәсіптік білім базасында)

Кешкі оқыту нысаны

(екінші жоғары білім базасында)

Кешкі оқыту нысаны

(техникалық және кәсіптік білім базасында)

МАМАНДЫҚТЫ ОҚЫТУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

МАМАНДАНДЫРУ ЖӘНЕ ПӘНДЕР

  • Техника жүйелерінің сенімділігі және тәуекелді басқару
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу
  • Еңбек жағдайын талдау
  • Еңбекті қорғау
  • Кәсіпорындағы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік бойынша құжаттамалар
  • Өнеркәсіп салаларының экологиясы
  • Ауа бассейнін ластанудан қорғау
  • Табиғи және ағын суларды тазарту технологиялары негіздері
  • Жер ресурстарын қорғаудың техникасы мен технологиясы
  • Экологиялық мониторинг
  • Экологиялық менеджмент
  • Авариялық-құтқарушылық ісі
  • Өрт қауіпсіздігі
  • Радиациялық қауіпсіздік негіздері
  • Химиялық және биологиялық қауіпсіздік негіздері
  • ТЖ кезінде көмек көрсетуді материалдық-техникалық қамтамасыз ету

СТУДЕНТТЕРДІ ТӘЖІРИБЕЛІК ТҰРҒЫДАН ДАЙЫНДАУ

Студенттер өңірдің ірі кәсіпорындарында кәсіптік тәжірибеден өту кезеңінде тәжірибелік тұрғыдан машықтанады

БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕРІМІЗ

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте