Директорлар кеңесі

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ

Алигожин Бекет Қабиденұлы – ДК төрағасы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментінің директоры;

Сапарходжаев Нурбек Пажарбекович – Рудный индустриялық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры PhD докторы, қауымдастырылған профессор.

Якупов Филарет Зекиевич– ДК тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің төрағасы, «Рудный соколовстрой» АҚ техникалық директоры;

Олкинян Людмила Юрьевна – ДК тәуелсіз директоры, «Аллюр компаниялар тобы» АҚ корпоративтік университетінің басшысы

Абулгазиев Серікбай Әмірғалиұлы – ДК мүшесі, Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Рудный қаласы бойынша филиалының директоры;

Иванова Анна Олеговна – ДК мүшесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік меншік мониторингі, сенімгерлік басқару және концессия басқармасының басшысы;

Сагандыкова Данагуль Аймуратовна  – Корпоративтік хатшының уақытша м.а.

КЕҢЕС ТУРАЛЫ

Рудный индустриялық университетінің Директорлар кеңесі «Кейбір коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №408 бұйрығына сәйкес құрылды.

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ӨКІЛЕТТІКТЕРІ

Директорлар кеңесін құрудың мақсаты Рудный индустриялық университетінің қызметіне корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу болып табылады.

Директорлар кеңесінің міндеттері:

1) университетті дамыту стратегиясы мен бағдарламаларын қалыптастыруға және оларды іске асыруға жәрдемдесу;

2) түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу дәрежесін бағалау;

3) университеттің инновациялық ғылымибілім беру, зияткерлік орталық ретінде жұмыс істеуіне және кешенді дамуына жәрдемдесу;

4) қаржы ресурстарының тиімді жұмсалуын, қаржылық есептілікті бақылауды жүзеге асыру;

5) университеттің мемлекеттік, қоғамдық, іскерлік, бизнес құрылымдармен ынтымақтастығына жәрдемдесу;

6) университеттің халықаралық білім беру, ғылыми, техникалық және мәдени ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесу;

7) университетті дамыту бағдарламаларын іске асыру үшін қаржы қаражатын тартуға жәрдемдесу;

8) нысаналы капиталды және қаражаты институтты дамытуға пайдаланылатын басқа да қорларды қалыптастыруға жәрдемдесу;

9) білім беру қызметтері мен ғылыми зерттеулердің өңірлік, республикалық және халықаралық нарықтарында оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін университет қызметінің сыртқы және ішкі аудит жүйелерін дамытуға жәрдемдесу.

Құжаттар

Приемная комиссия

Call - центр

Call-center: 8(71431)50702, 87013849448 По вопросам заселения в общежития: 8(71431)9-25-68, 87054403859 Электронный адрес: abiturient@rii.kz