каф-СиСМ-каз


Құрылыс және құрылыс материалтану білім беру бағдарламасы

 

Мирюк Ольга Александровна

Құрылыс және құрылыс материалдары білім беру бағдарламасының жетекшісі, т.ғ.д., профессор

Почта: psm58@mail.ru


ТАРИХЫ

Құрылыс және құрылыстық материалтану білім беру бағдарламасы (ҚжҚМ) Рудный индустриялық университетінің профессор-оқытушылар құрамының көптеген ұрпақтарының еңбегі мен тәжірибесін өзіне сіңіріп алған құқықтық мирасқор болып табылады. ҚжҚМ ББ 2009 жылы университеттегі құрылымдық өзгерістер мен бұрын болған ББ-ды кезең-кезеңмен біріктіру, сондай-ақ қосымша мамандықтарды бекіту нәтижесінде құрылған:
– 2009 жыл – Құрылыс материалтану және стандарттау ББ-ның және Құрылыс ББ-ның бірлестігі;
– 2010 жыл – «Дизайн» мамандығын «ҚжҚМ» ББ бекітілді;
– 2012 жыл – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығын «ҚжҚМ» ББ-на бекітілді.
Құрылыс үшін мамандарды даярлау 1964 жылдан бастап жүзеге асырылды. Әр уақытта университетте жұмыс істеген оқытушылар мамандықтың дамуына үлкен үлес қосты: ғылым кандидаттар В.Г. Мельник, А.Н. Косых, Ю.А. Гвоздев, И.К. Шаповал, , А.А. Зевин, С.П. Юшков, Г.М. Уличкин, Ф.Ф. Муратшин, Я.М. Орошилов, И.М. Нурмагамбетов, А.Т. Аубакиров, А.К., Алдабергенов И.М. Тунгушбаев, К.Ш. Шаймухамбетов, А.В. Дукарт, Б.Н. Жаналинов, И.С. Тойшыбеков, В.П. Мауль, А.М. Юнусов, А.И. Олейник, В.В. Шамов, К.М. Ахмедов; аға оқытушылар Ж.С. Жангисин, Л.М. Казакова, И.И. Яблонская, Л.П. Тананыкина, В.П. Лавриченко, З.И. Пигалова, О.Н. Бурдакова, Е.В. Дергунова, Н.Н. Сырова, Г.Д. Гурьевская, С.А. Юнисова және тағы көптеген басқалар.
«Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығын оқыту 1991 жылдан бастап т.ғ.д., профессор Ахметов И. С. (РИУ ректоры 1984-2004 жылдар аралығында) бастамашылық қызметінің арқасында басталды. Мамандықтың оқу-әдістемелік және материалдық базасын қалыптастыру және дамыту т.ғ.д., профессор К.К.Карибаевтың (РИУ ректоры 1981 – 1984 жылдар аралығында), техника ғылымдарының кандидаты Л.А.Иванованың, О.А. Мирюк, И.А. Рустемовтың, аға оқытушылар Д.А. Мухамедзяновтың, Г.П. Тунгушбаеваның, В.П. Суботялованың және т.б. қатысуымен жүзеге асырылды.
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы бойынша тігін өнеркәсібі үшін мамандар даярлау 1996 жылы ұйымдастырылған. «Дизайн» мамандығы 2008 жылдан бастап оқытылады. Мамандықтарды дамытуға аға оқытушылар Е.П. Раймхен, Л.Г. Соломина, О.Ю. Кадникова, С.В. Кирьякова және басқалар ықпал етті. Білім беру инновациялары, ғылым және практиканың тығыз интеграциясын дамытуда ҚжҚМ ББ-ның болашағы зор.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ

Приемная комиссия

Call - центр

Call-center: 8(71431)50702, 87013849448 По вопросам заселения в общежития: 8(71431)9-25-68, 87054403859 Электронный адрес: abiturient@rii.kz