АНТИКОР СЕРВИСТІК ОРТАЛЫҒЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨЗ ЕСІГІН ҚАЙТА АШТЫ

АНТИКОР СЕРВИСТІК ОРТАЛЫҒЫ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨЗ ЕСІГІН ҚАЙТА АШТЫ

 

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 29 наурыздағы фронт-офистер қызметінің регламентін бекіту туралы №103 бұйрығын іске асыру мақсатында Қостанай облысында «Antikor оrtalyǵy» сервистік орталығы өз жұмысын қайта бастады.

Азаматтардың өтініштерін қарау кезінде ашықтық пен қолжетімділік, сондай-ақ сапалы кері байланыс мәселелері агенттікте қызметтің негізгі басымдықтарының бірі болып танылды.

Орталық сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау алаңы болып табылады. «Antikor оrtalyǵy» мақсаты азаматтарды кедергісіз қабылдау және олардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

«Коровируспен күрес бойынша шектеу шараларының салдарынан орталықтың қызметі уақытша тоқтатылды. Соңғы жылы «Antikor оrtalyǵy» өз қызметін онлайн-форматта жүзеге асырды» – деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Серікжан Мырзалы – «Енді сервис орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері, заңгерлер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жұмыс жүргізетін болады. Кез-келген тұрғын немесе кәсіпкер мұнда құқықтық көмек үшін де, егер оған мемлекеттік органдар тарапынан қысым көрсетілсе де жүгіне алады».

2022 жылғы 8 сәуірде Ашық есік күні аясында Орталық алаңында Департамент басшылығының қатысуымен азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау, ведомство ардагерлерінің қатысуымен жастарға арналған тренинг, сондай-ақ ашық және есеп беретін мемлекет қағидаттарын іске асыру тақырыбында конференция өтті. Конференцияға өңірдің көрнекті қоғам қайраткерлері, Қостанай облысының жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Рудный индустриялық институтының атынан парасаттылық мектебінің жетекшісі Тажибаев Радик Хамитович және Саналы ұрпақ жетекшісі Досанова Айгирим қатысты.

Сондай-ақ, Департамент басшысының айтуынша, орталықтағы жұмысты тұрақты негізде процессуалдық офицер жүргізеді, оның функциясына жүгінген азаматтардың мәселелерін сапалы түсіндіру және шешу кіреді.

Бұдан басқа, «Antikor оrtalyǵy» алаңында нысаналы топтар үшін түсіндіру және білім беру іс-шараларын, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері үшін тренингтер, мемлекеттік органдардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізу жоспарлануда.

«Бүгін сіздер барлық үдерістердің барынша ашық өтіп жатқанына көз жеткізе аласыздар. Азаматтар үшін қолайлы жағдай жасалған”, – деп өз пікірімен бөлісті Департамент ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Есимов – «Осыған байланысты ведомство сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудан қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге және халықтың сыбайлас жемқорлықтың кез келген нысандарын саналы түрде қабылдамауына және алдын алу шараларының басымдығына көшуді көздейді».

Сондай-ақ, ол барлық азаматтарды әділетсіздікке жол бермеуге шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгіне алады немесе 1424 Call-орталығына, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы хабарлай алады:

Facebook: https://www.facebook.com/anticorruption.kostanay

Instagram: https://www.instagram.com/antikorruption_kostanay

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте