“Батыр” спортклубы

«БАТЫР» СПОРТКЛУБЫ

«БАТЫР» СПОРТКЛУБЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ

 ТАРИХЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

1964 жыл – Рудный индустриялық институтының «Денетәрбие» кфедрасы құрылды. Кафедра құрылған уақыттан бастап 1978 жылға дейін оның жұмысынаға оқытушы Николай Васильевич Убей-Волк басқарды. Оның қатысуымен «Буревестник» студенттік спорт клубы, туристтік үйірме,  Боровской ауданында Каменск-Уральскте шипалы-спорттық лагерь ашылып, спорттың 15 түрі бойынша спорт үйірмелері ұйымдастырылған.

1978-1994 жылдар аралығында кафедраны  Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтының түлегі, аға – оқытушы Иванова Людьмила Валентиновна  басқарды. РИИ-де 1969 жылдан бастап 2009 жылға дейін қызмет атқарған.

1994-2005 жылдар аралығында кафедраны Гагарин Василий Иванович басқарды. Оның қызмет атқарған уақытында ПОҚ шаңғышылар командасының жеңісімен айрықшаланды. 1994 жылы Гагарин В.И футзал үйірмесін ашты, қазіргі уақытта футзал құрамасы Қазақстан Чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, сонымен қатар студенттер арасындағы Универсиаданың күміс жүлдегері болып табылады.  Оның басқаруымен студенттер құрамасы «Студенттер көктемі» облыстық фестивальдарында бірнеше рет жеңіске жетті. Шаңғышы- жарысушы, халықаралық ардагерлер арасындағы шаңғы жарысының қатысушы, ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты эстафетасының екі дүркін жеңімпазы, бүкіл әлемді шарлап шықты десе де болады, салауатты өмірмен белсенді айналысып және өмірінің соңына дейін насихаттады. 2005 жылы – Спорт залында мемориалды тақтайда сол кісінің аты мәңгі есте қалу үшін жазылған.

2006-2009 жылдар аралығында кафедраны қыздармен ұлдар арасындағы воллейбол машықтырушысы Жуков Станислав Александрович басқарған.

2009-2012 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болып Ярошенко Данил Викторович қызмет атқарды. 2011 жылы «Оптимизация спортивной подготовленности квалифицированных каратистов средствами восточных оздоровительных технологий» тақырыбы бойынша  кандидаттық диссертация қорғады, мамандық шифры 13.00.04 – «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі, спорттық тәрбие, денсаулық және адаптивті дене тәрбиесі».

«Дене тәрбие» кафедрасы құрылған кезеңдерде: аға оқытушы Корягина М.Н.; аға оқытушы Воробьева Т.Г.; аға оқытушы, футбол бойынша машықтандырушы Сластников Е.Д.; аға оқытушы , баскетбол бойынша машықтандырушы Шеметова Л.Ф.; аға оқытушы, баскетбол бойынша машықтандырушы Ларченков В.В.; спортклуб төрағасы Иванов С.А.; аға лаборант Колесникова Лидия Григорьевна.

2012 жылдың қыркүйегінен кафедра таратылып, ӘГП кафедрасындағы денетәрбиесі үйірме деп аталды.

2013 жылдың қыркүйегінде «Батыр» спортклубының негізі қаланды. 2016 жылдан бастап РИИ-де қызмет атқаратын спортклуб оқытушылары Назарбеков Д.Р. және  Т.А.Турымбетова болып табылады.

Үш спорттық үйірме жұмыс істейді: баскетбол (ерлер), мини-футбол (ерлер), волейбол (ерлер, қыздар), жаттықтыру кабинеті.

СПОРТ КЛУБЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

 

 «Батыр» спортклубы физикалық дайындықпен болашақ мамандарды дайындауға арналған интерактивті оқыту әдістерін, кәсіби және қолданбалы жаттығуларды пайдаланып, дене шынықтырудың сапалы деңгейінде өткізеді.

РИИ-де екі спорттық зал, жаттықтану зал, шаңғы базасы, стадион бар.

Спорттық шеберлікті жетілдіру мақсатында волейбол, баскетбол, мини-футбол, каратэ бөлімдері жұмыс істейді.

Жыл сайын бірінші курс студенттері арасында «Жастар» спартакиадасы, РИИ, ПОҚ және институт жұмысшылары арасында Ректор Кубогіне спартакиада, мини-футбол, баскетбол, воллейболдан факультеттер арасында, шахмат, тоғыз-құмалақ, шашка, столда ойналатын теннистен және гирлік спорттан факультеттер арасында «Намыс» спартакиадалары өткізіледі.

Жыл сайын студенттермен ПОҚ біліммен-ғылым жұмысшылары арасындағы спартакиадада, облыстық «Студенттік көктем» фестивальдарына қатысады.

Спортклуб мұғалімдері  оқытудың белсенді әдістерін қолданумен студенттердің оқуға деген қызығушылығын күшейтуге, жауапты көңіл бөлуіне бар күш-жігерін салып жүр. Студенттер салауатты өмір салты тақырыптарына тапсырма алып, конференцияларды докладтармен шығып жүр.

«Батыр» спорттық клубының даңқ аллеясы

 РИИ түлектері,  Халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері (ХДСШ)

 

Шайрер Владимир Иванович — 1948 жыл Қостанай облысы, Рудный қаласы. Бокстан ХДСШ. 1982 ж. Қаз. СССР еңбегі сіңген бапкер. Еуропа чемпионы Ю.Лаптеваны, СССР және юниорлар арасындағы әлем біріншілігінің чемпионы О.Заболотскихті жаттықтырған.

Беляев Сергей Николаевич — (08.05.1960 ж. Қостанай қаласы),  1982 ж. РИИ түлегі, оқ атудан ХДСШ (1981 ж.). Еңбегі сіңген спорт мастері.  Алғашқы бапкері:  А. Цыба. Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы. Әлем кубогі этапының бірнеше дүркін чемпионы, Азия кубогінің,1996 жылғы  XXVI  Олимпиада ойындарының 2 дүркін күміс жүлдегері. «Дарын» мемлекеттік премиясының лауреаты. «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталған. (1995 ж.).

Лизунков Игорь – 1985 ж. Құрылыс факультетінің түлегі. Каратэден Халықаралық деңгейдегі спорт шебері. 1992 ж. Еуропа чемпионы, ҚР 7 дүркін чемпионы, 2003 жылғы РФ Чемпионы,  окинавск каратэсінен РФ шеф-нұсқаушысы, қара белбеу – 6 дан.

Масюк Андрей Николаевич — бодибилдингтен ХДСШ, 1995 жылғы РИИ тау факультетінің түлегі.  Мамандығы – электромеханик. Бірнеше дүркін Чемпион, Қазақстан Республикасының кубогтері және Чемпионаттардың жүлдегері, Орал, Сібір, Приволжье және Шығыс Еуропа Чемпионы. 2000 ж., 2003 ж., 2008ж. Азия Чемпионатының  үш дүркін  жүлдегері. 2000 жылғы Азия ойындарының жүлдегері.

Платонов Денис – 1997-1998 оқу жылының Экономика факультетінің түлегі. Жеңіл атлетикадан Спорт Шебері. 1992 – 1993 жылдарының Орта Азия және Қазақстан матчтарының екі мәрте Алтын жүлдегері. 2000 ж. Сегіз мәрте Қазақстан Чемпионы. 1994 жылы Индонезияда өткен Азия Чемпионатында 5 орын алды – Спорт Шебері нормативін  орындады. Бірінші және екінші Азия ойындарының 4*4 эстафетасында күміс жүлдегері болды. Г.Косанов Халықаралық еске алу турнирінің Қола жүлдегері.

Глебов Артём — 1997-1998 оқу жылының Экономика факультетінің түлегі. Футболдан Халықаралық деңгейдегі Спорт Шебері.  Мини-футболдан Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының мүшесі. 1998 жылғы Португалияда өткен Әлемдік студенттер командасы қатысқан Чемпионаттың қатысушысы, сол Чемпионатта Қазақстан Республикасы 8 – орын алды.

Гнусарев Павел — 1997-1998 оқу жылындағы ЭМФ түлегі. Шахматтан Спорт Шебері.  1989 жылы Қазақстан Республикасының құрама командасының сапында Мәскеуде өткен Т.Петросян жүлдесіне арналған  Халықаралық жарысқа қатысты.  Бірнеше дүркін қала және облыс Чемпионы, 2350 ЭЛО рейтингі бар (1996 ж. қантардан бастап – Спорт Шебері). Облыстық студенттер «Весна 97» және «Весна 98» спартакиадасының жүлдегері. 1997 жылы «Новокузнецк 97»  бірінші Халықаралық шахматтық  турнирінде ФИДЕ  категориясында шахматтан Спорт Шебері нормативін орындады.

Федоренко Николай — 1977 ж. Рудный қаласы, РИИ түлегі (1999 ж.). Шорт-тректен ХДСШ (1996 ж.). Қазақстан Чемпионатының абсолюттік Чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері, шорт-тректен әлем чемпионатының қатысушысы. Қазақстан Республикасы ұлттық командасының жаттықтырушысы, 2 халықаралық деңгейдегі спорт шеберін – Волокитина Дарья (2011 ж.) және  Андреева Федораны (2011 ж.). дайындады. 6 спорт шеберін дайындады.

Заболотских Олег – 1967 жыл Рудный қаласы. Бокстан ХДСШ. 1985 жылғы юниорлармен жастар арасындағы СССР біріншілігінің жеңімпазы. Әлем жастар біріншілігінің  жеңімпазы (1995 ж. Бухарест қаласы).  СССР чемпионатының қола жүлдегері (1990 ж. Луцк қаласы). Жаттықтырушысы – В. Шайрер.

Испергенов Куандык Хайдарович – Қостанай облысының Жітіқара ауданының әкімі.1996 жылғы РИИ түлегі, мамандығы – инженер – құрылысшы. Каратэ-додан ХДСШ, АҚШ-да Нью-Йорк қаласында өткен әлем чемпионатының жүлдегері, қара белбеу иегері – 2 дан.

Шарыгин Рамиль Габдулхаевич – 2000 ж. РИИ түлегі , мамандығы – инженер-құрылысшы, қазақша күрестен ХДСШ. Дзюдодан СШ. Қазақша күрестен екі дүркін Азия чемпионы. Дзюдодан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.

Кованова Мария –  2005-2009 оқу жылдарындағы  Экономика факультетінің түлегі.  Шахматтан әйелдер арасындағы спорт шебері. Қыздар арасындағы ҚР бірнеше дүркін чемпионы, қыздар арасындағы Азия және Әлем Чемпионатының қатысушысы, бірнеше дүркін халықаралық, облыстық, халықаралық жарыстардың жүлдегері. 2002 жылы дене тәрбиесі және Рудный қ. спорт комитетімен үздік спортшы болып танылды.

Казаков Николай Владимирович – мини-футболдан ХДСШ. 2006 ж. РИИ электромеханикалық факультетінің түлегі. Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін Чемпионы және жүлдегері, 2009 жылы «Қайрат» СФК құрамында УЕФА кубогінің қола жүлдесін алды.

Пинчук Антон Владимирович – 1988 ж Рудный қаласы, 2009 жылғы РИИ түлегі. Бокстан ХДСШ. 2008 жылғы Қазан қаласында өткен студенттер арасындағы  әлем чемпионатының жеңімпазы. Бокстан халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы.

 Кузьмина Наталия  Вячеславовна – РИИ ПО-11 тобының студенті, пауэрлифтингтен ХДСШ. Қазақстанда қыздар арасында абсолюттік чемпион және рекордсмен. Әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы (2011 ж.Канада, Мус – Джо қ. және 2012 ж. Польша, Ширк қ.)

Мулдахметов Амир — ЭжҚФ, МН-13 тобының студенті,  шорт-трек бойынша СШ. Қазақстан чемпионатының, Қазақстан Кубогының бірнеше мәрте жеңімпазы және жүлдегері. Азия Чемпионатының күміс жүлдегері. Халықаралық жарыстардың қатысушысы.

Біздің спортсмендер

IMG_9974 Усманов Талгар

Усманов Талғар

ЭЭ-16ко тобы, ЭжАЖФ

ДСШ таэквондо.

2014 жылғы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының жүлдегері, облыстық және қалалық жарыстардың жеңімпазы.

IMG_9984 Бектанов Багдаулет

Бектанов Бағдаулет

ТТ-15ко тобы, ТКМФ

Волейбол бойынша ДСШ. Облыстық және қалалық жарыстардың жеңімпазы.

IMG_0005 Калиев Ильяс

Калиев Ильяс

Мет-16 тобы, ТКМФ

Баскетбол бойынша ДСШ. Қазақстан чемпионатының жүлдегері, облыстық және қалалық жарыстардың жеңімпазы.

IMG_9990 Исаев Арман

Исаев Арман

ЭЭ-16ко тобы ЭжАЖФ

Бокс бойынша 1 санат. Облыстық және қалалық жарыстардың жеңімпазы.

IMG_9987 Туралы Орынбасар

Тұралы Орынбасар

ТЭ-17 тобы, ЭжАЖФ

Баскетбол бойынша 1 санат. Облыстық және қалалық жарыстардың жеңімпазы.

IMG_0026 Аян Жаксыбаев

Жақсыбаев Аян

ТЭ-17 тобы, ЭжАЖФ

«қазақша күрес» бойынша 1-ші санат. Қалалық және облыстық жарыстардың жеңімпазы.

IMG_0009 Кудяров Еламан

Кудяров Еламан

Мет-17ко тобы, ТКМФ

Баскетбол бойынша 1-ші санат. Облыстық және қалалық жарыстардың жүлдегері.

Суржко Сергей

МЕТ-14 тобы, ТКМФ

Бодибилдинг бойынша 1-ші санат. ҚР Чемпионы.

Қалалық, облыстық және республикалық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері.

IMG_9977 Орымбаев Дакет

Орымбаев Дакен

СТ-17 тобы, ЭжҚФ

Таэквондо бойынша ДСШ. 2015 жылғы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының жүлдегері, 2013 жылғы Қарағанды халықаралық турнирлерінің жүлдегері, Қостанай облысының чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері.

IMG_9981 Курсамбеков амангельды

Кұрсамбеков Амангельды

ЭЭ-16ко тобы, ЭжАЖФ

Дзюдо бойынша 1-ші санат. Қалалық және облыстық жарыстардың жүлдегері.

Абдыгали Даурынбек

Абдіғали Дәуренбек

ЭЭ-17 тобы, ЭжАЖФ

Дзюдо бойынша ДСШ.

«Қазақша күрес», самбо бойынша республикалық, облыстық және қалалық жарыстардың жеңімпазы.

IMG_0001 Утемуратов Нуржан

Утемуратов Нуржан

ЭЭ-16 тобы,  ЭжАЖФ

Таэквондо бойынша 1-ші санат. Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының жүлдегері 2014г.

IMG_0334 Толебаев нурлыхан

Төлебаев Нурлыхан

Мет-14 тобы, ТКМФ

Кикбоксинг бойынша Рудный қаласының 2015жылғы Чемпионы, Қостанай облысы мен Қазақстан Республикасы ММА-ның жеңімпазы.

Мурсалов Рахынбек

Мурсалов Рахымбек

ЭЭ-17со тобы, ЭжАЖФ

Әскери-әуе қолбасшылығы бойынша ДСШ, кикбоксинг бойынша қалалық және облыстық жарыстардың жүлдегері. Қостанай облысы Уушу-Санда бойынша чемпион.

Чернышов Владислав

Чернышев Владислав

ГД-17 тобы, ТКМФ

Бодибилдинг бойынша қала жарыстарының жүлдегері.

ГАЛЕРЕЯ

Приемная комиссия

Call - центр

Call-center: 8(71431)50702, 87013849448 По вопросам заселения в общежития: 8(71431)9-25-68, 87054403859 Электронный адрес: abiturient@rii.kz