«Батыр» спорт клубы хабарлайды

«Батыр» спорт клубы хабарлайды

РИУ баскетбол командасының жарысқа толы спорт маусымы аяқталуға жақын.

15 мамырда аяқталған Рудный қаласының баскетболдан Студенттік спорт лигасының оқу орындары арасындағы жарыстарда біздің команда жүлделі екінші орынға ие болды, сонымен қатар құрамында баскетболдан ҚР Жоғары лигасының ойыншылары бар РСГК командасымен ойында тәжірибе жинады.

РИУ құрама командасының құрамында: капитан және команданың жаттықтырушысы СЗиС-22,23 топ студенттері Марат Саят, Касьяненко Роман, ЭиП-22,23 топ студенттері Базюк Руслан, Макаров Владимир, ДПИ-23,22,21 топ студенттері Киселев Виталий, Жилкайдаров Ренат, Сунатуллаев Бахит, ЭЭ-23,22,21 топ студенттері Абдуллаев Руслан, Фриз Даниил, Шамшатов Мирас, Яковенко Владислав, Жұмағазы Даниал.

«Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясы бойынша Марат Саят жүлделермен марапатталды.

Команда жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.

Алда балалар «Студенттік көктем-24» жарыстарында ойнайды. Оларды абыроймен өткізіп, ең жақсы қасиеттері мен дағдыларын көрсетуді тілейміз.

Жыл сайынғы дәстүрлі «Студенттік көктем-24» жарысына тағы екі команда дайындалуда: РИУ мини-футбол командасы және волейболдан қыздар командасы.

Біз өзіміздің командамызды қолдаймыз және оларға спорт пен оқуда сәттілік тілейміз.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте