Бірінші басшылар – студенттерге төртінші жыл қатарынан біздің институттың білім алушылары үшін “ССКӨБ”АҚ бөлімшелері директорының дәрістерін өткізеді.

Бірінші басшылар-студенттерге

Төртінші жыл қатарынан біздің институттың білім алушылары үшін «ССКӨБ»АҚ бөлімшелері директорының дәрістері өткізіліп келеді.

«Бірінші басшы – студенттерге» – Рудный индустриялық институты мен «ССКӨБ» АҚ-ның бірлескен жобасы.

Дәрістер ай сайын өткізіледі, онда бөлім басшылары студенттерге тау-кен саласында қолданылатын озық технологиялар мен жұмыс әдістері туралы айтады. Кәсіпорын мамандарының аудиторияларда айтқандарының бәрін студенттер кейін кәсіпорында өндірістік практикадан өту кезінде көреді.

«ССКӨБ» АҚ бірінші басшыларынан 2021-2022 оқу жылына арналған мастер-класс өткізу бағдарламасын «Рудный индустриялық институты» КЕАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры, т.ғ.д., профессор, академик Ә.Б.Найзабеков пен «ССКӨБ» АҚ президенті В.И.Гриненко бекітті.

Ағымдағы оқу жылында бағдарламаға алғаш рет еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының бастығы А.В.Бондаренконың дәрістері енгізілді. Экономикалық мамандықтар студенттері алдында экономика басқармасының бастығы Л.А. Грачева сөз сөйлейді. Сондай-ақ, дәстүрлі түрде тау-кен өндіру кешенінің директоры және жөндеу мен техникалық қызмет көрсету басқармасы, автокөлік цехының және автоматтандыру мен ақпараттық технологиялар цехының бастықтары және «ССКӨБ»АҚ басқа да жетекші бөлімшелерінің басшылары мастер-класстар өткізеді.

2021 жылғы қарашада «ССКӨБ» АҚ ЖЭО директоры Д.Ю.Овчаров онлайн-дәрістер сериясын ашты, ол «Электр энергетикасы», «Жылу энергетикасы», «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламаларының студенттері алдында сөз сөйледі. Дәріс тақырыбы: «ССКӨБ»АҚ ЖЭО технологиялық процестерді автоматтандыру.

Дәрістің басты тақырыбы жылу орталығын дамыту стратегиясының негізгі бағыттары болды, ол жылу беруді және қала мен өнеркәсіптік аймақты жылумен сенімді қамтамасыз етуді қамтиды.

ЖЭО директоры жабдықтар мен жалпы ЖЭО жұмысының қағидалары туралы айтып, студенттерді кәсіпорынды қайта құруға байланысты өзгерістермен таныстырды.

Дәріс соңында студенттер «ССКӨБ»АҚ өкілдеріне сұрақтар қойды.

Әрине, біздің студенттерді кәсіптік практикадан өту және кәсіпорында жұмысқа орналасу мәселелері қызықтырды.

РИИ студенттері мен бірінші басшылардың өзара іс-қимылының мұндай форматы дәстүрге айналғаны қуантады. Өйткені, бұрынғыдай, университет барлық күш-жігерін кәсіби және білім беру стандарттары арасындағы алшақтықты азайтуға бағыттайды. Өндіріс пен оқытудың ынтымақтастығы қазірдің өзінде біздің түлектерімізді жұмысқа орналастырудың жоғары деңгейі түрінде өз дивидендтерін әкелуде.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте