Бүгін Рудный индустриялық университетінің қабырғасында маңызды іс-шара – парасаттылық сағаты өтті.

Бүгін Рудный индустриялық университетінің қабырғасында маңызды іс-шара – парасаттылық сағаты өтті.

Іс-шарада спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тасанбиұлы Тоқбергенов, «SANALY Urpaq» қоғамдық қорының басшысы Нұрбек Елікбайұлы Әбдібеков, МжТІ ЖМ аға оқытушысы, саясаттану ғылымдарының кандидаты Радик Хамитович Тажибаев сөз сөйледі.

Іс-шараға студенттер қызығушылығын танытып, белсенді сұрақтар қойып, ұсынылған бастамаларды талқылады. Парасаттылық сағаты жастар мен билік органдары арасындағы ашық диалог пен өзара іс-қимылдың маңызды алаңына айналды.

Бұл РИУ студенттері арасында құқықтық мәдениет пен этикалық нормалардың жоғары деңгейін сақтауға деген ұмтылысының тағы бір дәлелі.

Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен, «SANALY Urpaq» қорымен ынтымақтастыққа арналған жоспарларды талқылаумен аяқталды. Іс-шара адалдық пен ашықтық дәстүрлерін нығайтатыны сөзсіз.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте