выпуск-каф-ЭиМ-каз
ИСКУЖЕНОВ СЕРИК КЕНЖИБУЛАТОВИЧ – «Рудный суарнасы» ЖСС ЕАО бастығы, 1999 жылдың түлегі.
Рудный индустриялық институты кәсіби дағдыларды қалыптастырды, кейін келе стратегиялық міндеттерді шешуге мүмкіндік берді. Мен әрқашан өзімінің туған институтымды қолдаймын. Экономика және менеджмент кафедрасымен байланысымды үзбеймін.
ИТЕМГЕНОВ НУРЛАН ГАЙСАНОВИЧ – Қазақстан Республикасының әділет министрлігінің «Сот сараптама орталығы» директорының орынбасары, 2004 жылдың түлегі
Рудный индустриялық институты жоғары білікті мамандарды даярлауды жүзеге асырып келеді. ЖОО алған білім– Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиялық кешенінің ірі кәсіпорыны «ССКӨБ» АҚ әлеуметтік даму стратегиясын әзірлеуге жағдай жасады.
РАУ АЛЕКСЕЙ АЛЬБЕРТОВИЧ – Astana School of Management and Business (ASMB) директоры, 2012 жылдың түлегі
Рудный индустриялық институты өзіндік тарихы бар жоғары оқу орны, оны менің әкемде тәмәмдаған еді. Маған бұл жоо «Экономика» мамандығы бойынша іргелі білімдерді берді, осы базалық білімдер арқасында Швейцарияға барып магистратураны табысты аяқтауыма негіз болды. Астана қаласында менеджмент және бизнес мектебін аштым. Өзімнің туған РИИ қабырғасында алған білімдерім көпжақты, алға қойған мақсаттарға жету үшін командада жұмыс істей алатын жоғары білікті мамандарға бағытталған.
ЗАМАНОВ РЕНАТ – «ССКӨБ» АҚ Басқармасының талдау бөлімінің инженері, 2011 жыл түлегі.
Рудный индустриялық институтының қабырғасында өткізген жылдар мен үшін менің білімдерімнің негізі болды. Мен барлық оқытушыларға маған берген білімдері үшін үлкен алғыс білдіремін. Сіздердің еңбектерінің табысты болсын. Сіздерге рахымет!!!
НАУРУЗОВА АЙНАШ – ЖЭМ ҒЗУ магистранты, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы, 2015 жылдың түлегі.
Рудный индустриялық институтында оқу барысында экономика бойынша жан-жақты білім қалыптасты. Бұл білімдер өзінің кәсіби қызметін дамыту үшін кез келген маманға қажет».
ПИНЧУК АНТОН
АҚ «ССКӨБ» Басқармасының маманы, 2011 жылғы түлек
Менің көзқарасым бойынша ең бастысы бұл өзіңнің қай жаққа бағыт алғандығыңды, алдыңа қандай мақсат қойғандығыңды анық білу, сонда сен өзіңе сенімді боласың.
Рудный индустриялық институтының «Экономика және құрылыс» факультетінде білім алу үшін қолайлы жағдай жасалған: бұл «Мененджмент» мамандығы бойынша қызықты әрі кәсіптік тұрғыдан толықтырылған білім беру бағдарламасы, жоғары біліктілікті оқытушылар, студенттерді тәжірибелік тұрғыдан оқыту және алған білімді қолдану. Сонымен қатар өзіңді жігерлендіру өте маңызды, ол ары қарай өзің таңдаған бағытта жұмыс істеуде және қызмет бабында көтерілуде мүмкіндіктеріңді анықтайды.
САЛЫКОВ АРЫСТАН
АҚ «ССКӨБ» ШӨФ еңбек және кадрлар бөлімінің инженері
Мен Рудный индустриялық институтында екі мамандық бойынша білім алдым, техникалық білімді және де «Бизнес және экономика» бағыты бойынша екінші жоғары білімді меңгердім.
«Менеджмент» мамандығының оқытушыларына, олардың біздің білім алған кезімізде бізге берген білімі үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Оқытушылар ұжымы бізге теориялық білімді тәжірибе жүзінде қолдануды үйретті. Біз алған білімімізді меңгеріп қана қоймай оны қолдана аламыз. Осы үшін үлкен алғыс.
Түлектерге айтар кеңесім біреу: ең алдымен өзіңіз қалайтын мамандықты анықтап алыңыз – кейі сізді бәріне үйретеді деп күтіп отырмаңыз. Өзіңіз таңдаған салаңыз бойынша ізденіңіз, жұмыс істеп тәжірибе жинаңыз, олай болмаған жағдайда сізде тек қана диплом мен алған біліміңіздің кішкене қалған бөлігі ғана қалады.
Заманауи нарық қызығушылығы мол, жан-жақты, өнертапқыш мамандарды жақсы көреді.
РЫЖИКОВА АЛЕКСАНДРА
ГККП «Рахат» бас экономисі
Білім алу жоғары білікті маман болуға жол ашады. Бұл тек қана бастапқы кезең секілді – ары қарай барлығы тек қана Өзіңізге байланысты.
Рудный индустриялық институтында «Менеджмент» мамандығы бойынша алған қомақты білімім – бұл мен үшін еш нәрсемен тең келмейтін құндылық.
Біреуге үйрету мүмкін емес – өзіңнің үйренуің ғана мүмкін екендігін ұмытпаған жөн. Ойлау қабілетінің жан-жақтылығынсыз, жетекшілік қасиетінсіз және алдыңғы қатарға шығуға деген талпыныссыз тіпті ең жақсы деген бизнес-білім алудың өзінің еш мәні жоқ.
Барлығына ешқашан берілмеуге және де тек қана алға ұмтылуға кеңес беремін, және де барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!.
ЮЛИЯ ПЫЛИК
АҚ «KaspiBank» несие бойынша маман
Студенттікті өміріміздің алтың кезеңі деп есептейтінмін. Қазірдің өзінде де сондай ойдамын. Себебі студенттік кезеңде көптеген жаңа білім алуға, өмірде ары қарай бірге қадам басатын жаңа қызықты адамдармен танысуға, жаңашылдықтарды байқап көруге, өмінден нені қалайтындығыңды анықтауға мүмкіндік бар.
Рудный индустриялық институтында «Менеджмент» мамандығы бойынша білім алу менің жеке тұлғамның өсуіне әсер етті, ал менеджмент бакалаврының дипломын алу қызметтік тұрғыдан өсуіме себепкер болды.
Бірінші курстың студенттеріне берер кеңесім: өзіңізге міндетті түрде сеніңіз, сонда ғана сіздің өміріңізде барлығы жақсы болады!
АНТОН ДЫКАЛО
ЖК «Happy Donuts» жеке кәсіпкер
Өмірде әркімнің өз жолы бар. Ең бастысы ненің қызықты екендігін, не нәрсе ұнайтындығын, қандай іспен айналысқың келетіндігін алдын-ала түсіну. РИИ жылдан-жылға білім алу кезінде мен өзіме, өзімнің болашағыма сенімдірек бола түстім және де өз аяғымнан нық тұрдым. Білім алу кезіндегі төрт жылдың ішінде менің ең басты үйренгенім – бұл әр дүниеге байыппен және тиімді тұрғыдан қарай білу, оның экономикалық ақиқатын түсіну, бизнестегі әрбір сөздің қадірін ұғыну.
Болашақта кім болсаңыз да менеджмент – бұл өмірде өз орныңызды табу үшін және кәсіптік қызметіңізді дамыту үшін қажетті маңызды тірек. Сол себепті тек қана алға және де Сіздің барлық алға қойған мақсаттарыңыз жүзеге асады дегім келеді!