Даму стратегиясы
РУДНЫЙ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
2023-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ
«Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Даму бағдарламасын әзірлеу мен іске асырудың мақсаты елдің индустриялық-инновациялық даму міндеттеріне және білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу болып табылады.
МІНДЕТІМІЗ
Сапалы білім беру қызметтерін ұсыну, ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, өскелең ұрпақты жалпыұлттық идеялар рухында тәрбиелеу арқылы солтүстік-батыс Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және қайта индустрияландыруды қамтамасыз ету, адами және ғылыми-техникалық әлеуетін арттыру.
Біздің сеніміміз
Индустриялық-инновациялық даму. Біз бүгінімізді жаңартып, жаңа болашақ құруды үйретеміз.
КӨРІНІСІ
РИУ – техникалық білім беру саласындағы көшбасшы және республиканың әрбір азаматының өз елі үшін мақтаныш сезімін дамытуға ықпал ететін әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграцияланған өңірдегі индустриялық-инновациялық орталық.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТЫ
Солтүстік-батыс Қазақстанның аумағында ғылыми-білім беру және индустриялық-инновациялық орталықты қалыптастыру. РИИ осы орталықтың өзегі болуға арналған.
білім алушылар контингентін 2023 жылғы 1436 студенттен 2029 жылы 1604 студентке дейін ұлғайту
1. СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР, СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР ЖӘНЕ НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР
Дамудың келесі стратегиялық бағыттары әзірленді:
-
Солтүстік–Батыс Қазақстан кәсіпорындары үшін бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету
-
Әлемдік үрдістер контексінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнын жаңғырту
-
Университеттің білім беру қызметін интернационалдандыру
-
ЖОО менеджментін жетілдіру және инфрақұрылымын дамыту
-
Ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін және олардың Солтүстік–Батыс Қазақстанда индустриялық-инновациялық орталық құруға қосқан үлесін қамтамасыз ету
2. СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕР, ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Солтүстік–Батыс Қазақстан кәсіпорындары үшін бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету
ЖОО түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес, сондай-ақ ұлттық біліктілік шеңберімен және кәсіби стандарттармен айқындалған құзыреттер мен дескрипторлар негізінде кадрлар даярлау бойынша жұмыс жүргізу қажет.
-
Назарбаев Университетімен және НЗМ-мен әріптестік қарым-қатынас орнату;
-
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын ашу;
-
ESG стандарттарына сәйкес сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуін және ЖОО ның білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологияларды пайдалануды қамтамасыз ету;
-
студенттерді іріктеу бойынша талант-менеджмент жүйесін енгізу;
-
студент жастарды жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудің, «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеялары рухында рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың жоғары тиімді жүйесін қалыптастыру;
2.2 Әлемдік үрдістер контекстінде білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңғырту
Басты мақсатқа жету үшін жаңа білім беру технологияларын құру, енгізу және тарату бойынша жұмыс жүргізу қажет.
Қойылған мақсатты іске асыру үшін келесі стратегиялық міндеттер айқындалды:
-
заманауи талаптар мен жаһандық цифрландыруды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын өзектендіру;
-
университет студенттерін дуальды оқыту және қосымша сертификаттау жүйесін жетілдіру;
-
ЖОО-да кәсіпкерлік білім беруді жетілдіру;
-
енгізілген қашықтықтан оқыту жүйесін жетілдіруге бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыру;
2.3 2.3 ЖОО-ның білім беру қызметін интернационалдандыру
ЖОО инфрақұрылымын дамыту технологиялық базаны, білім беру, ғылыми-зерттеу және басқа да қызметті қамтамасыз ету жүйелерін жаңғыртуға, заманауи ақпараттық инфрақұрылымды құруға және білім беру қызметтері нарығында позициялау тұжырымдамасын әзірлеуге бағытталған.
Қызметтің басым бағыттары:
-
РИУ халықаралық брендінің танымалдылығын арттыру;
-
халықаралық рейтингтерге қатысу нәтижелілігін арттыру;
-
білім беру бағдарламаларын ілгерілету және талапкерлермен әр түрлі өңірлерде: жақын және алыс шет елдерде жұмыс істеу саясатын әртараптандыру;
-
қос дипломды білім беру бағдарламаларын және бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту;
-
академиялық ұтқырлықты дамыту.
2.4 ЖОО менеджментін жетілдіру және инфрақұрылымын дамыту:
-
корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру;
-
университеттің ұйымдастырушылық архитектурасын өзгерту;
-
HR және талант–менеджмент жүйесін енгізу;
-
ЖОО инфрақұрылымын тиімді дамыту;
-
ЖОО дамуын қолдау жүйесін жаңғырту.
2.5 Ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін және олардың Солтүстік–Батыс Қазақстанда индустриялық–инновациялық орталық құруға қосқан үлесін қамтамасыз ету:
-
зерттеулердің, әзірлемелердің және сараптамалық-талдамалық қызметтің халықаралық бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету;
-
ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерін коммерцияландыру тетігін жетілдіру;
-
ЖОО-ның ғылыми әлеуетін нығайту;
-
ғалымдардың зерттеу және жариялау белсенділігін ынталандыру.
3. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Даму бағдарламасын іске асырудан күтілетін нәтижелер (нысаналы индикаторлар):
- Білім алушылар контингентін 2023 жылы 1436-дан 2029 жылы 1604-ке дейін ұлғайту.
- ЖОО-да білім алушылардың жалпы санындағы шетелдік студенттердің үлесін 2023 жылы 970%-дан 2029 жылы 7%-ға дейін ұлғайту.
- ЖООбітіргенненкейінгібіріншіжылы жұмысқа орналастырылған түлектердіңүлесін2023жылғы72%-дан2029жылы79%-ға дейін ұлғайту.
- Оқытушылық қызметке тартылған шетелдік сарапшылардың үлесін 2023 жылғы 5%-дан 2029 жылы 8%-ға дейін ұлғайту.
- Ғылыми жобалар шеңберінде ғылыми–зерттеу жұмыстарымен айналысатын ПОҚ үлесін 2023 жылы 5%-дан 2029 жылы 37%-ға дейін ұлғайту.
- ЖОО-да білім берудің алдыңғы деңгейінің дағдылары мен құзыреттерін, сондай-ақ бейресми білім беру нәтижелерін ескере отырып, ересек тұрғындарды өмір бойы оқыту жүйесінің жұмыс істеуі.
- 2023 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2029 жылы бейресми білім беру бағдарламалары бойынша тыңдаушылар санының 2,8 есеге ұлғаюы.
- ЖОО-ның жалпы табысынан, оның ішінде эндаумент қоры шеңберінде ЖОО-ны дамытуға тартылған инвестициялар үлесін 2023 жылы 5% -дан 2029 жылы 37%-ға дейін ұлғайту.