«Дебат адам бойында маңызды дағдыларды қалыптастырады. Мәселен, бұл тәжірибе маған көп пайдасын тигізді және қазір жұмыс барысында да көмектеседі.

«Дебат адам бойында маңызды дағдыларды қалыптастырады. Мәселен, бұл тәжірибе маған көп пайдасын тигізді және қазір жұмыс барысында да көмектеседі. Сондықтан балалардың сыни ойлау қабілетін дамыту, командада жұмыс істеуге баулу, сұрақтарға жауап беру, өз пікіріңді дәлелдеу, балалардың өз ойларын дұрыс тұжырымдауы үшін бізге осы білім беру технологиясын белсенді қолдану қажет» – деп, Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің атап өткеніндей, 23.04.2022 жылы Рудный индустриялық институтында «Мәңгілік Ел» орталығы және «Қазақ тілінің жанашырлары» клубының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан: жаңғыру мен жаңару жолы» тақырыбында облыстық пікірталас сайысы өтікізілді. Сайысқа Рудный қаласының колледждері мен мектептерінен жалпы 8 команда қатысты, пікірталас жалпы 4 кезеңнен тұрды. Пікірсайысқа қатысушылар білімдері мен алғырлықтарын көрсетіп, шынайы жарыс өтті. Сайыс соңында қатысушыларға алғыс хаттар беріліп, сайыс барысында «Үздік төреші» номинациясын Шуйиншибаев Мұратхан, «Үздік спикер» номинациясын Д.Карбышев атындағы №14 орта мектебінің оқушысы Советов Нұрболат иемденді, ал 3 орынға ие болған №13 орта мектебінің «Жігер» командасы мен Рудный құрылыс және көлік колледжінің «Ақиқат» командасы, 2 орынға ие болған №13 орта мектебінің «Ақиқат» командасы, 1 орынға ие болған №7 мектеп-гимназиясының «Ділмәр» командасы марапаттарға ие болды.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте