Дінмұхамед Қонаев дегенде халық арасында кең таралған бірнеше сөз орамдары еске оралады: «Мен қанша биікке көтерілсем де, халқымнан төмен екенімді ешқашан ұмытқаным жоқ!»
Дінмұхамед Қонаев дегенде халық арасында кең таралған бірнеше сөз орамдары еске оралады: «Мен қанша биікке көтерілсем де, халқымнан төмен екенімді ешқашан ұмытқаным жоқ!», «Бар қазақ баласы – менің балам!». Иә, Димаш-ата қанша биіктесе де, өзінің қарапайым қалпын сақтаған. Өмірінде жиһаз орнына кітап жиып, көлік орнына көптің қасынан табылып, сыйға алған сыйлықтарын, қаржылай марапаттарын балалар үйіне өткізіп отырған. Қарапайымдылығымен қатар аса қанағатшыл жан болған. «Мейірім-шуағы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ» деп ойлаймын. Өз ісі арқылы халқының шынайы сүйіспеншілігіне ие болған, оның аты өзін шексіз кұрметтейтін ұрпақтарының жадында мәңгі қалады.