«ЖАҢА СЕРПІН» ҚОЗҒАЛЫСЫ
«ЖАҢА СЕРПІН» ҚОЗҒАЛЫСЫ
«ЖАҢА СЕРПІН» ҚОЗҒАЛЫСЫ
Мақсаты мен міндеті
Қозғалыстың негізгі мақсаты «Серпін – 2050» әлеуметтік жобасы бойынша білім алуға келген студенттерді рухани, мәдени және кәсіби, жан – жақты жетілдіру болып табылады.
Қозғалыс келесі міндеттерді іске асырады:
– институттың тиісті бөлімшелерімен бірлесіп «Серпін – 2050» әлеуметтік жобасы бойынша білім алуға келген студенттерді жергілікті және аймақтық кәсіпорындарда өндірістік практикадан өту мәселелерін шешуге ат салысу;
– институтты бітіргеннен кейін бейіндік кәсіпорындарда жұмысқа орналастыру үшін мүмкіндіктер қарастыруға;
– қозғалыстың жұмыс жоспарын әзірлеу мен жүзеге асыру;
– бірінші курс студенттерін ақпаратпен қамтамасыз ету;
– студенттік белсенділікті қалыптастыру;
– оқу қызметінде студенттерге көмек ұйымдастыру;
– студенттердің әлеуметтік-психологиялық бейімделуін ұйымдастыру;
– бірінші курс студенттерін ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатыстыру;
– спорт – сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру;
– студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
– білім беру қызметін ұйымдастыру;
– студенттерге Қазақстан Республикасының ұлттық мейрамдарын, әдет-ғұрыптарын, салттарын, қазақ мәдениетін дәріптеуші шараларын ұйымдастыру;
– қозғалыстың атқарған жұмысы туралы тәрбие жұмысы жөніндегі проректорға есеп беру.
Қызметтері
- Қозғалыс төмендегідей қызметтерді атқарады:
– мәдени бағыт – бұл бағыт түрлі мәдени іс-шараларды, ән кештерді, жайдарман ойындарды ұйымдастыру және өткізуді жүзеге асырады;
– кәсіби және білім бағыты – бұл бағытта студенттерді өндірістік практикаға жіберуді ұйымдастыру, оқу барысындағы студенттердің оқу үлгерімділіктерін қадағалау, интеллектуалды ойындар және студенттердің тың жобалары, ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысуын жүзеге асыру жұмыстары қолға алынады, сондай-ақ институтты бітіргеннен кейін бейіндік кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасайды.
– рухани бағыт – бұл бағытта дәстүрлі діндерді, шежірені, ұлттық салт-дәстүрімізді, ұлттық ойындарды насихаттап, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді, сақтауды, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу көзделген.
– спорт бағыты – бұл бағыт әр түрлі спорттық іс – шараларды ұйымдастыру және өткізуді жүзеге асырады.
– әр бағыттың жауапты тұлғалары тағайындалады. Олар осы бағыттар бойынша жұмыстар жасайды, жоспар бойынша іс-шараларды ұйымдастырып, оларды жүзеге асырады.
Қозғалыстың құқықтары
- Қозғалыс:
– өз қызметін орындау барысында басқа да құрылымдық бөлімдерге байланысты қажетті ақпараттарды сұрауға.
– өз құзырына кіретін мәселелер бойынша басшылыққа ұсыныс енгізуге құқығы бар.
Қозғалыстың жауапкершілігі
- Қозғалыс:
– осы Ережемен және Институт басшылығының тапсырмаларымен өзіне жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындауға;
– жұмыс жоспарын орындауға, шараларды ұйымдастыру мен өткізуге;
– жоспарлы және есептік құжаттамаларды уақытында тапсыруға;
– Институттың ішкі тәртіп ережелері, студенттердің ар намыс Кодексі, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және т.б. ережелерді сақтауға, жауапты.
Қорытынды ереже
- Осы ереже ректор бұйрығымен бекітілген күнінен бастап күшіне енгізіледі.
- Қажет болған жағдайда Ережені белгіленген тәртіппен қайта қарауға болады.
КОНТАКТЫ
Жетекшісі
Серикбай Дулат
2 курс студенті, мамандығы «Құрылыс»
Dulatikaksu@mail.ru