Институттың тарихы
УНИВЕРСИТЕТТІҢ ТАРИХЫ
Университет тарихының кезеңдері
1950-жылдар
Рудный қ. қалыптасуы
1954 жылы 30 маусымда КСРО министірлерінің кеңесімен Соколов және Сарыбай магнетит кені кен орнының базасында «Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты (ССКБК) мен Рудный қаласы құрылысын бастау туралы шешім қабылдады.
Еліміздің әр түкпірінен 20 мыңға жуық жастар Рудный қаласында өндірістік алып тау-кен салу үшін үлкен құрылыс алаңына келді. Осы жастардың өндірістен үзіліссіз жоғары білім алуы үшін қажетті жағдай жасау үшін Қаақстанның КП қалалық комитеті, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының басшылары и Соколовстрой тресі 1959 жылғы мамырда КОКП ОК, ЖБЛКО ОК және КСРО жоғары және арнайы орта білім министірлігіне орында инженерлік кадрларды даярлауды ұйымдастыру бойынша өтініш жасады. Өтініште атап айтылды: «Еліміздегі ірі – жеті жылдық екпінді комсомол құрылысының бірі – жылына темір рудасының қуаттылығы 19 млн. тонна Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты құрылып жатқан Рудный қаласында – қазіргі уақытта 45 мың адам тұрып жатыр. ССКБК өндірісі мен Соколоврудстрой тресінде 19 мыңға жуық адам жұмыс істейді, көбісі жастар...».
Қаз ММИ кешкі факультетінің ашылуы
1959 жылы 25 маусымда Рудный қаласында Соколов-Сарыбай КБК базасында Қазақ Мемлекеттік металлургия институының (ҚазММИ) кешкі факультеті ашылды. Факультеттің алғашқы деканы – техникалық ғылымдарының кандидаты, ҚазММИ түлегі И.И.Пляскин. 1959 жылғы күзде ССКБК-ның 100 ИТЖ кешкі факультеттің алғашқы студенттері атанды..
1960-жылдар
ҚазММИ индустриялық факультеті
1962 жылғы 22 тамызда ҚазКСР БСҚО министірлігінің №802 бұйрығымен кешкі факультет ҚазММИ индустриялық факультеті болып қайта құрылды және өзіндік балансқа ауыстырылды.
Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинаты базасындағы Рудный қаласында ҚазММИ кешкі индустриялық факультетінің ашылуы Қазақстанда қашықтағы кешкі және сыртқы білімді дамыту болып табылды. Факультет контигенті 500-ден астам студентті қамтыды.
Қазақ политехникалық институтының филиалы
1964 жылғы 5 наурызда ҚазКСР БСҚОМ №175 бұйрығымен ҚазММИ индустриялық факультеті Қазақ политехникалық институтының (ҚазПИТ) филиалы болып өзгерді.
1966 жылы мамандандырылған оқу-зертханалық ғимараты мен жатақханалар құрылысы басталған болатын. Студенттер де құрылысқа белсенді қатысты.
1969 жылы наурызда Қазақстанның КП Қостанай облыстық комитетті бюросы және Атқарушы комитет депутаттарының қаулысы негізінде Қазақ политехникалық институты филиалының еңбек еткен студенттері ССКБК бөлген, неғұрлым қолайлы тұрмыстық жағдай жасауға мүмкіндік берген жатақхана алды.
1973 жылғы ақпанда 100 орынды асханасымен құрылған 784 орындық студенттік жатақхана қолданысқа алдын ала берілді.
1972-1973 оқу жылының соңында жалпы 11,4 мың м2 көлемді 1500 орынға арналған оқу-зертханалық ғимарат пайдалануға берілді.
Рудный индустриялық университеті
1970 жылдардың аяғында Рудный индустриялық университеті ҚазКСР-нің бүкіл солтүстік-батыс аймағындағы жалғыз техникалық жоғары оқу орны болды, ол оны өнеркәсіптік өндірістің тау-кен өндіру, құрылыс және энергетика салалары үшін инженерлік-техникалық кадрларды даярлаудың негізгі базасы ретінде айқындады. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының күрделі жылдарында инженерлік кадрларға сұраныс азайған кезде РИУ-дың негізгі кадрлық әлеуеті мен материалдық базасы сақтап қалынды.
Рудный индустриялық университетінің білім беру қызметі 15.01 берілген № kz71laa00036074 жоғары кәсіптік білім беру саласында білім беру қызметін жүргізу құқығына мемлекеттік лицензиямен регламенттеледі. 2024 ж. жарамдылық мерзімі шектеусіз.
РИУ қазіргі уақытта
Қазіргі уақытта Рудный индустриялық университеті дамығанинфрақұрылымы бар техникалық ғылымдар саласындағы заманауи ғылыми-білім беру кешені болып табылады.
Университет құрылымында - 3 жоғары мектеп. Студенттерді оқыту бакалавриаттың 18 мамандығы бойынша, сондай-ақ магистратураның 4 мамандығы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай оқыту нысандарында жүргізіледі:
- бетпе-бет форма - қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып күндізгі бөлімОқыту жалпы орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары білім негізінде жүргізіледі. Осы жылдар ішінде Рудный индустриялық университетінің қабырғасында 25 мыңнан астам жоғары білімді мамандар дайындалды, олардың көпшілігі ірі басшылар, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер және көрнекті ғалымдар болды.
Университет тарихының кезеңдері