Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі, 38 мекенжайында орналасқан «Рудный индустриялық университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы-ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

111500, Қостанай облысы, Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі, 38, «Рудный индустриялық университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі, 38 мекенжайында орналасқан «Рудный индустриялық университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы-ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамытуға және әзірлемелерді коммерцияландыруға бағытталған сапалы білім алу, оқу және оқыту үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесінің, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесінің, ғылыми атағының (артықшылық) болуы;
  • кәсіби тәжірибесі кемінде 10 жыл, оның ішінде білім және ғылым саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл тәжірибесі;
  • білім беру және ғылыми-инновациялық қызметті ұйымдастыруды, ұйымдастырушылық менеджмент қағидаттарын, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, өскелең ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік саясатты білуі;
  • стратегиялық жоспарлау, бизнес-процестерді цифрландыру, фандрайзинг және инвестициялар тарту дағдыларының болуы;
  • көшбасшылық, шығармашылық, жаңашылдық, сыни тұрғыдан ойлау, құқық бұзушылыққа төзбеушілік қасиеттерінің болуы;
  • қазақ және орыс, ағылшын (артықшылық) тілдерін меңгеруі;
  • ғылым және жоғары білім саласындағы менеджмент және корпоративтік басқару саласында біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы.

Жоғары оқу орны қызметінің негізгі бағыттары бойынша біліктілікті арттыру бойынша сертификаттардың (куәліктердің) болғаны жөн.

Конкурсқа келесі тұлғалар қатыса алмайды:

1) жиырма бес жасқа толмағандар;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағандар;

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы барлар;

4) медициналық арнаулы мекемелерде есепте тұрғандар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға келесі құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері, оның ішінде ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесін, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ ғылыми атағының болуын растайтын құжаттардың (артықшылығы бар) көшірмелері:

– шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына берген, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, шетелдік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының азаматтары алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі;

– «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;

– өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;

4) белгіленген нысанда өлшемі 3×4 түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

5) жұмыс орны бойынша (қолданыстағы не соңғы) кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, ғылым және жоғары білім саласындағы менеджмент және корпоративтік басқару саласындағы біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері;

7) ЖОО қызметінің негізгі бағыттары бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың (куәліктердің) көшірмелері (артықшылық);

8) біліктілікті арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және білім беру және ғылыми-инновациялық қызметті ұйымдастыруды, ұйымдастырушылық менеджмент қағидаттарын, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, өскелең ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік саясатты білуді сипаттайтын өзге де мәліметтер; стратегиялық жоспарлау, бизнес-процестерді цифрландыру, фандрайзинг және инвестициялар тарту дағдыларын меңгергендігін, сондай-ақ көшбасшылық, шығармашылық, жаңашылдық, сыни тұрғыдан ойлау, құқық бұзушылыққа төзбеушілік сияқты қасиеттердің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

9) құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген №075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды);

10) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

11) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген Наркологиялық ұйымнан анықтама;

12) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салынбағанын растайтын құжат;

13) жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы.

ЖОО-ны дамыту бағдарламасының мазмұны келесілерді қамтуы тиіс:

  • ЖОО-ның бекітілген құжаттарына және мемлекеттік мүдделер мен міндеттердің сақталуына (ұлттық және өңірлік жобалар, тұжырымдамалар, Мемлекет басшысының тапсырмалары) сәйкес ЖОО дамуының 5 жылға арналған негізгі бағыттары бойынша миссиясын, пайымын, ЖОО дамуының құндылықтары мен перспективаларын;

2) ЖОО-ның бекітілген құжаттарын іске асыру бойынша ағымдағы жағдайды талдау (дамудың екі-үш басым бағытын (мақсаттарын) көрсету және олар бойынша индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу);

3) ЖОО алдында тұрған және (немесе) тап болуы мүмкін негізгі сын-қатерлер және олар бойынша шешімдер ұсыныстары (өткен кезеңдегі стратегияны іске асыруды талдау, проблемалар, шешімдердің сабақтастығы);

4) конкурсқа қатысушы ұсынатын ЖОО-ны дамыту бағдарламасын іске асырудан күтілетін нәтижелер мен жетістіктер.

ЖОО-ны дамыту бағдарламасы презентация түрінде ресімделуі керек, оның көлемі PowerPoint форматында 10 слайдтан аспау керек.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне (каб.643) ұсыну қажет, телефондары 8(7172)74-24-26, 74-27-25.

Өтініш, қызметтік тізім

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте