Наурыз мейрамына арналған спорттық іс-шараларға қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Наурыз мейрамына арналған спорттық іс-шараларға қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Құрметті студенттер, оқытушылар, декандар, кафедра ұжымдары, қонақтар және университет басшылығы!
Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған спорттық іс-шараларға белсенді қатысып, қолдау көрсеткен баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін! ♂️
Сіздердің ынта-жігерлеріңіз, ұйымшылдықтарыңыз және қолдауларыңыз арқасында жарыстарымыз жарқын әрі есте қаларлықтай өтті. Спорт – бізді біріктіретін күш, ал Наурыз – жаңару, мейірім мен бірліктің символы!
Университетімізде спорт мәдениетінің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін әрқайсыңызға алғыс айтамын. Жарыс рухы, достық пен өзара қолдау әрдайым бізбен бірге болсын, ал оқу ордамыз өркендей берсін! ✨
Құрметпен, Турымбетова Таттигуль Абдижановна