Республика күнін мерекелеу қарсаңында Рудный индустриялық институтында «Республика күні – бірлік пен ынтымақтастық мерекесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Республика күнін мерекелеу қарсаңында Рудный индустриялық институтында «Республика күні – бірлік пен ынтымақтастық мерекесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысын Басқарма Төрағасы-Ректор, т.ғ.д., профессор, академик Ә.Б.Найзабеков ашты. Әбдірахман Батырбекұлы өз сөзінде мерекелік күнтізбедегі Республика күні – қазақстандықтардың өз бастаулары мен сабақтастығын мойындауының, тарихи еңбегі мен халқымыздың мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы ерік-жігерін құрметтеуінің символы екенін атап өтті. Республика күні Жоғарғы Кеңес Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны қабылдаған күні-1990 жылғы 25 қазанмен байланысты. Декларацияның айрықша рөлі: Қазақстан алғаш рет өзінің дүниетанымы, жеке салт-дәстүрлері, сондай-ақ болашаққа деген көзқарасы бар бірегей аумақтық субъект ретінде жариялады. 1990 жылғы декларацияның саяси-құқықтық маңызы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» заңда да атап өтілді. Әбдірахман Батырбекұлы мерекенің тарихи аспектілерін атап өтіп, әлемнің басқа елдерінде осындай мерекелер қалай атап өтілетіні туралы ақпарат берді.
Бұдан әрі ПОҚ мен институт студенттері арасынан сөз сөйлеген спикерлер өз баяндамаларында Республика күнінің тарихи маңыздылығын, «Ұлт бірлігі – оның алуан түрлілігінде» қағидатымен азаматтық бірегейлікті нығайтуды, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру нәтижелерін және т.б. көрсететін мәселелердің кең ауқымын ашты. Баяндамашылардың негізгі лейтмотиві «Республика күні – елдің табыстары мен жетістіктеріне тікелей қатысты мереке» тезисі болды.
Дөңгелек үстел отырысында институт оқытушылары мен қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өтті.