РИИ шетелдік ғалымдарды шақыру бағдарламасы аясында Химиялық технология және металлургия университетінің (София қ., Болгария) Металлургия және материалтану факультеті деканының орынбасары, доцент, инженерия докторы Йорданова Розина Михайлова оқытушылық қызмет атқарады.

Рудный индустриялық институтында шетелдік ғалымдарды шақыру бағдарламасы аясында Химиялық технология және металлургия университетінің (София қ., Болгария) Металлургия және материалтану факультеті деканының орынбасары, доцент, инженерия докторы Йорданова Розина Михайлова оқытушылық қызмет атқарады.

«Металдар мен қорытпалардың технологиялық қасиеттері және оларды анықтау әдістері» пәні бойынша техникалық бағыттағы білім беру бағдарламаларының білім алушылары үшін сабақтар өткізіледі. Дәрістер ағылшын тілінде өтеді, бұл ЖОО-да көп тілді білім беру ортасын құру міндетіне сәйкес келеді. Сондай-ақ, сапар шеңберінде институттың жас оқытушыларына арналған оқыту семинарлары және техникалық білім беру бағдарламалары білім алушыларының оқу процесіне қатысатын ПОҚ-ға арналған тренингтер өткізілетін болады. РИИ ғалымдарымен бірлесе отырып, рецензияланатын халықаралық журналдарда жариялау үшін ұжымдық монографиялар мен ғылыми мақалалар дайындалатын болады.

Біздің институттың Болгария университеттерімен ынтымақтастығы Басқарма Төрағасы-Ректор, т.ғ.д., профессор, академик Ә.Б.Найзабековтың тікелей қатысуымен дамуда. Шетелдік ғалымдармен ынтымақтастық келесілерді қамтиды: ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми мақалалар мен ұжымдық монографиялар дайындау, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар жұмысына қатысу, серіктес ЖОО-ларда ғылыми тағылымдамадан өту, ғылыми консорциумдар мен қауымдастықтардың жұмысына қатысу және т.б.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте