РИИ “Жас Отан” ЖК

РИИ «ЖАС ОТАН» ЖҚ

МАҚСАТЫ

Жастар арасында «Нұр Отан» партиясының және Елбасының саясатын қолдаушылар санын көбейту.

ТАРИХЫ

Біздің Жастар қанатының тарихы «Нұр Отан» партиясының қызметімен тығыз байланысты. 2008 жылға дейін Жастар қанаты партияның бастамасымен жобаларды жүзеге асыруға қатысып келді. Осы уақытта ұйым жеке заңды тұлға болған жоқ.

2008 жылдың 17 қаңтарында  «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Осы жерде Елбасы Президенті Нурсултан Назарбаев Жастар қанаты съезін өткізуді ұсынды. «Жас Отан» бірінші съезі көктем соңына жоспарлануда.

Осы жылдың 14 мамырында Астанада «Жас Отан» Жастар қанатының I съезі өтті. Өзінің құрылтайдағы сөзінде Президент ұйымның алдына бірінші кезекті мақсаттарды қойды. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанның әрбір азаматы өз әлеуетін іске асыруға, бәсекеге қабілетті тұлға және өзін-өзіне жеткілікті болуға, оған сәйкес барлық қажетті жағдай жасауға шақырды. Ол сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда «Жас Отана» рөлін анықтады.

«Жас Отана» І съезіне дейін  «Нур Отан» партиясының бастамасы бойынша «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жстар саясаты туралы» Заңы – жастардың негізгі заңды құжатын талқылау бойынша парламенттік тыңдаулар өткізілді. Еліміздің барлық облыстарында съезге қатысатын 310 делегаттың ішінен анықталған тізіммен жастар конференциясы өтті. Съезге Қазақстанның жастар ұйымының өкілдері, партия мүшелері және саяси кеңестің бюросы, мемлкеттік органдардың жетекшілері, ҚР Парламентінің депутаттары, Үкімет, Қазақстан халықАссамблеясы өкілдері, БАҚ, ҮЕМ, сондай-ақ шетелдің жас қонақтары қатысты. I съезд делегатарымен жарғы, сондай-ақ Жастар қанатының қызметі жүргізілген 2008-2011 жылдарға арналған стртаегия бекітілді. Осы съездегі сайлаудан кейін 2008-2012 жылдарға «Жас Отан» ЖҚ Орындаушы хатшысы Нурлан Утешов болды.

2012 жылы 16 қарашада – біз үшін тағы да бір ерекше күн ол «Армандау. Еңбектену. Сену» деген ұранмен «Жас Отан» ЖҚ II съезі өтті.

Съезде еліміздің жастар саясатының жаңа деңгейін қамтамасыз етуге арналған 2020 жылға дейін «Жастар – Отанға!» стратегиясын қабылдады.

Жастар қанатының стратегия жоспары еліміздің барлық өңірлерінде жастар ұйымының өкілдерімен, студенттермен, жұмысшы жастармен, спортшылармен, мәдениет қызметкерлерімен талқыланды. Стратегия қызметінің негізгі 11 бағыты бар, олар сапалы білім беру, жастардың әлеуметтік бейімделуінің базасы ретінде еңбек, бірлік пен мәдени даму, жастар кәсіпкерлігін дамыту, ғылымды дамыту, еріктілер қозғалысы және басқа да.

9 мыңнан артық делегаттар осы съезге қатысты. Іс-шараға басқа елдің қонақтары да қатысты.

Ең күтілген жағдай бұл Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөз сөйлеуі болды.

САБАҚТАР КЕСТЕСІ, ӨТКІЗУ ОРНЫ

Сәрсенбі: сағат 18.00 ден 20.00 дейін

325 ауд., РИИ бас оқу ғимараты

БАЙЛАНЫС

Жетекшісі

Сәдірбеков Нұрдаулет Әбдухалыпұлы

2 курс студенті, мамаандығы «Электроэнергетика»

МК «ЖасОтан» РИИ, жетекшісі

ГАЛЕРЕЯ

Приемная комиссия

Call - центр

Call-center: 8(71431)50702, 87013849448 По вопросам заселения в общежития: 8(71431)9-25-68, 87054403859 Электронный адрес: abiturient@rii.kz