Рудный индустриалды институтының Басқарма Төрағасы-ректоры А. Б. Низабековты Жаңа 2023 жылмен құттықтау!

Рудный индустриалды институтының Басқарма Төрағасы-ректоры А. Б. Низабековты Жаңа 2023 жылмен құттықтау!

Жыл соңында қызмет нәтижелерін талдау, қорытындылау, болашақ жоспарларын анықтау керек.

2022 жыл Рудный индустриялық институтының ұжымына баға жетпес тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. РИИ техникалық ЖОО арасында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының сұранысы – 2022 рейтингінде 7-ші орынды иеленді. «ТОП-3» құрамына 7 білім беру бағдарламасы, «ТОП-5» бағдарламасына – 3 ББ, «ТОП-15» бағдарламасына – 6 ББ кірді.

ЖОО-да Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н.Ельцин атындағы ОрФУ-мен бірлесіп қос дипломды білім беру бағдарламасы ашылды, сондай-ақ Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс университетімен қос дипломды 2 білім беру бағдарламасы әзірленді.

Біз корпоративтік серіктестерімізбен ынтымақтастықты дамытуды жалғастырдық: өндірісте құрылған кафедралар филиалдарының жұмысын жандандырдық; студенттердің практикалық дағдыларын аккредиттеу жөніндегі сараптамалық кеңестердің құрамын кеңейттік; студенттердің жұмыс мамандықтары бойынша курстық даярлығын жетілдірдік. Өңір кәсіпорындарымен студенттердің жұмыс орындарында ақылы кәсіптік практикадан өтуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Оқу сабақтарын өткізу үшін ЖОО-ға Германия, Болгария және Италиядан шетелдік ғалымдар шақырылды, сондай-ақ оқытушылық қызметке Австралия, Ресей және Украинадан оқытушылар тартылды. Институт студенттері сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Латвия және Болгария университеттерінде білім алды. Өз кезегінде РИИ-да Германиядан келген магистранттар ғылыми тағылымдамадан өтті.

2022 жылы институт қызметіндегі басым бағыт ғылыми-зерттеу жұмысы болып қала берді. ҚР ҒжЖБМ гранттық қаржыландыру шеңберінде орындалатын ҒЗЖ-ға жаңа ғылыми жобалар қосылды. РИИ ғалымдары Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің зерттеушілерімен бірлесіп ғылыми мегажобаны іске асыруға қатысты. РИИ ПОҚ-ның жарияланымдық белсенділігі жанданды, Clarivate Analytics және Scopus деректер базасының квартиліне (Q1-Q2) енгізілген шетелдік рейтингтік журналдардағы ғылыми мақалалар саны едәуір өсті. Ұжымдық монографиялар жарияланды, Ресей, Беларусь, Болгария, Италия және т.б. елдердің ғалымдарымен бірлескен мақалалар жарияланды.

Тәрбие жұмысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын іске асыру шеңберінде жүргізіледі. РИИ-да тегін негізде спорт секциялары жұмыс істейді, студенттік үйірмелер мен қызығушылық клубтары ашылды. Студенттерді әлеуметтік қолдау білім алушылардың әртүрлі санаттары үшін оқу ақысына жеңілдіктер беруді қамтиды; Басқарма Төрағасы-Ректордың гранттары мен стипендиялары, РИИ корпоративтік серіктестерінің гранттары берілді. Барлық мұқтаж студенттерге жайлы жатақханаларда орын беріледі.

2022 жылы РИИ-ның Еуразиялық желілік университетке (ЕЖУ) қосылуы туралы Меморандумға қол қойылды. Біз Фрайберг тау-кен академиясы Техникалық Университетімен бірлесіп студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуға бағытталған Эразмус+ жобасына қатысып, келесі жылы ПОҚ мен институт студенттері Германияда ғылыми тағылымдамадан өтеді.

РИИ-ның қаржылық жағдайы жылдар бойы орнықты және тұрақты болып келеді. ПОҚ-ның мотивациялық құрамдас бөлігін арттыру мақсатында KPI енгізілді. Бір жыл ішінде ПОҚ мен қызметкерлер 3 сыйлықақы алды, ал 2022 жылдың желтоқсанында 0,5-тен 2 лауазымдық жалақыға дейін қосымша 2 сыйлықақы төленді. Барлық ПОҚ және ЖОО қызметкерлеріне жалақы төленді. Институт жаңа жылға ұзақ мерзімді дебиторлық және кредиторлық берешексіз кіреді.

Біз ЖОО-ның материалдық-техникалық базасын жаңарту бойынша жұмысты жалғастырдық.

Жаңа 2023 жылы да РИИ білім беру қызметтері нарығында жеңіп алған позициясын сақтап, тек қана алға қарай жылдам қозғалатынына уәде беремін!

Барша қазақстандықтарды жылдағы ең қызықты және таңғажайып мереке – Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге сәттілік, өркендеу, бейбітшілік пен тұрақтылық тілеймін!

РИИ-ын жыл бойы қолдаған студенттерімізді, оқытушыларымызды, қызметкерлерімізді және серіктестерімізді құттықтаймын! Сіздің үйлеріңізде бақыт пен молшылық, жүректеріңізде махаббат, ал серіктестік қарым-қатынастарымызда тұрақтылық, сенім, адалдық, өзара түсіністік пен сәттілік болсын!

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте