«Таза Қазақстан» бағдарламасының Рудный қаласында жүзеге асырылуы

«Таза Қазақстан» бағдарламасының Рудный қаласында жүзеге асырылуы

 “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру жөніндегі Акция басталғаннан бастап Рудный қаласы мен Қашар кентінің 13 бақша қоғамының аумағында сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін қоғамдардың аумағын қоқыстардан, бұтақтардан, қураған жерлерден тазарту бойынша экологиялық сенбіліктер өткізіледі.

Аумақты тазартуға басқарма өкілдері де, бақша қоғамдарының мүшелері де қатысады.

Барлығы 42 сенбілік өткізіліп, 230 тонна қоқыс шығарылды.

Сонымен қатар, аумақтарды абаттандыру ережелерінің нормаларын сақтау бойынша мониторинг жүргізілуде, бүгінде Корчагин көшесіне көңнің (тезектің) көп мөлшерін түсіру фактісі анықталды.

Бұл факті бойынша абаттандыру ережелерін бұзушы анықталып, ұйғарым берілді.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте