Тәрбие жұмысы бойынша үйлестіру кеңесі

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ

КЕҢЕС ТУРАЛЫ

Тәрбие жұмысы бойынша үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) – бұл институт деңгейінде реттеушілік және үйлестірушілік қызметтерді атқаратын тәрбие үрдісін басқарудың алқа органы.

Кеңес құрамы жыл сайын институт ректорының бұйрығымен бекітіледі. Кеңестің төрағасы тәрбие және әлеуметтік жұмысы бойынша департамент директоры болып табылады. Ол жұмысты жоспарлап Кеңес жұмысы жоспарларының орындалуын бақылайды.

Кеңес қызметінің басты мақсаты – институт студенттерін тәрбиелеу бойынша әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмысының сапасы мен тиімділігін жетілдіру және арттыру

КЕҢЕС ФУНКЦИЯЛАРЫ

– тәрбие жұмысының перспективадағы және ағымдағы жоспарлауын қамтамасыз ету және факультеттерде, жалпы институтта жүзеге асыру;

– тәрбие жұмысы жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды, оны қаржыландыру мен кадрлық қамтамасыз етілуін әзірлеу, тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік және нормативтік құжаттарды даярлау;

– студенттік кеңес, орталық пен бірлестіктің жұмысына жәрдемдесу;

– факультет кураторлары, академиялық топ кураторлары кеңесінің қызметін үйлестіру.

ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ

Кеңес төрағасы
Жумагалиева Айгуль Батырхановна
Тәрбие және әлеуметтік жұмыс бойынша департаментінің директоры
Телефон: 8 (71431) 9 55 73

Кеңес төрағасының орынбасары
Феруза Сериковна
ЖСҚ жетекшісі
Телефон: 8 (71431) 5 57 60

ҚҰЖАТТАРЫ

Приемная комиссия

Call - центр

Call-center: 8(71431)50702, 87013849448 По вопросам заселения в общежития: 8(71431)9-25-68, 87054403859 Электронный адрес: abiturient@rii.kz