Халықаралық ынтымақтастық
ИжӘГП ББ-ның халықаралық ынтымақтастығы
ББ халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастығы – бұл ғылыми-техникалық проблемаларды бiрлесiп әзiрлеудi, ғылыми нәтижелермен алмасуды, бiлiктi кадрлар даярлауды қамтитын қызмет бағыттарының бiрi.
Ынтымақтастық нысандары алуан түрлі – өзара консультациялар, бірлескен ғылыми зерттеулер, ғылыми-техникалық ақпарат саласындағы ынтымақтастық және басқалар. Ғылыми еңбектерін жариялау, шетелдік басылымдарда: Латвияда, Ресейде, Болгарияда халықаралық конференцияларға қатысу. Студенттердің халықаралық бағдарламаларға қатысуы.
«Шақырылған оқытушы» бағдарламасы аясында студенттер үшін: Койнов Тончо Атанасов – доцент, техника ғылымдарының докторы, Химия-технологиялық және металлургия университетінің (Болгария) металлургия және материалтану жөніндегі инженерлік факультетінің; Кафтанджиев Христо Николов – ғылым докторы, «Климент Орхидский атындағы» София университетінің профессоры (Болгария); Йорданова Розина Михайлова – инженерия докторы, Химиялық технология және металлургия университетінің доценті (Болгария).
Бұл мамандар даярлау сапасын, отандық біліктіліктерді тануды, Еуропалық өңірдегі жоғары білім туралы қазақстандық дипломдардың айырбасталуын және түлектердің кез келген елде жұмысқа орналасу құқығын жақсартуға мүмкіндік берді.
2019/2020 оқу жылында “шақырылған оқытушы“ бағдарламасы аясында біздің студенттерге PhD докторы Иорданова Р. (София қ. химиялық технология және металлургия Университеті, Болгария) дәріс оқыды.
ИжӘГП секциясы “Ресейдің Тұңғыш Президенті Б. Н.Ельцин атындағы УрФу“ ФГАОУ-мен “Көлік техникасы және технологиялары“білім беру бағдарламасы бойынша қос дипломды білім беруді ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді.