Қаржылық есеп
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП
Профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің жалақысын арттыру олардың кәсіби деңгейін арттыру жолдарының бірі
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Рудный индустриялық институтында профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің жеке жүйесі әзірленді.
Институт оқытушылары мен қызметкерлерінің еңбекақыға түрлі қосымша ақы алуға мүмкіндігі бар. Жыл бойы мемлекеттік мерекелерге, мерейтойлық күндерге сыйақы төлеу жүргізіледі, материалдық көмек төленеді.
Ай сайын профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің ағымдағы қызметіне бағалау жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша базалық еңбекақыға көтеру коэффициенттері белгіленеді.
Біліктілікті, кәсіби белсенділікті, сондай-ақ ағымдағы өзін-өзі бағалауды ынталандыру мақсатында жыл соңында оқытушылар мен қызметкерлер қызметінің дербес рейтингі жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша қорытынды сыйақы төленеді.
Соңғы үш жылда арттырылған жалақы:
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7-17%,
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10-25%,
2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 10-25%.
Институт оқытушыларының орташа жалақысы аймақ бойынша орташа жалақыдан 43% артық.