Құрметті жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылар! Рудный индустриялық институты 2022 жылдың 21-22 сәуірінде жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылардың
Құрметті жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылар!
Рудный индустриялық институты 2022 жылдың 21-22 сәуірінде
жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылардың
«Туған өлке – жас ұрпақтың барлық бастамаларының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Конференцияның мақсаты: ғылым, техника және технологияларды дамытудың өзекті бағыттарын талқылау, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы жастардың рөлін бағалау.
Конференцияның міндеттері:
- магистранттарды, студенттерді және білім беру мекемелерінің оқушыларын ғылыми қызметке тарту;
- шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызығушылығын дамыту, өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру;
- жастардың бойында туған өлкеге деген қызығушылықты, патриоттық сезімді, тарихи сананы, әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру.
Конференция бағдарламасы пленарлық отырысты және секциялардағы жұмысты, тақырыптық пікірталастар өткізуді қарастырады.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
- Әлеуметтік-гуманитарлық білім мен ғылымның өзекті мәселелері.
- Тау-кен металлургия кешені: сын-қатерлер, басымдықтар, стратегиялық бағдарлар.
- Қазіргі өндірістегі инновациялық технологиялар.
- Пандемиядан кейінгі кезеңде жастардың Қазақстанның экономикалық дамуына қосқан үлесі.
- Цифрландыру, баламалы энергетика және энергия үнемдеу – Қазақстанның даму векторы.
Конференцияға қатысу үшін өтінімдер 2022 жылдың 11 сәуіріне дейін қабылданады.
Конференцияға қатысу нысаны: күндізгі немесе сырттай қатысу
Талқылауды өткізу нысаны: пленарлық және секциялық отырыстар
Конференцияға қатысу шарттары:
– өтінім мен баяндама мәтінін көрсетілген мерзімде жіберу;
– толтырылған өтінімге баяндама жеке файлмен бекітіледі;
– конференцияға қатысу тегін.
Тіркелу шарттары:
Конференцияға қатысуға өтінім мен баяндаманың мәтінін электронды түрде 2022 жылдың 11 сәуіріне дейін metodistrii@mail.ru электронды мекен-жайға қоса берілген нысанға сәйкес жолдау қажет.