07.10.2024 ж. Рудный индустриялық университетінде «АЭС құрылысының экономикалық пайдасы» тақырыбында сараптамалық талқылау өтті. 

07.10.2024 ж. Рудный индустриялық университетінде «АЭС құрылысының экономикалық пайдасы» тақырыбында сараптамалық талқылау өтті.

Сараптамалық талқылауға университет оқытушылары мен қызметкерлері қатысты. Сарапшы ретінде Қостанай облыстық штабының мүшесі И.Н.Дмитриева сөз сөйледі.

Сараптамалық талқылау барысында келесі мәселелер қаралды: АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері; өңірлік экономиканы дамытудағы және жаңа жұмыс орындарын құрудағы АЭС рөлі; Қазақстан экономикасының өсу резерві ретінде АЭС; ел үшін ұзақ мерзімді экономикалық пайданы қамтамасыз ететін атом электр станциясы құрылысының инвестициялық тартымдылығы. Сараптамалық талқылауға қатысушылар АЭС-ның экономикалық макроэффектілерін де талқылады.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте