111500, Қостанай облысы, Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі, 38, «Рудный индустриялық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі, 38 мекенжайында орналасқан «Рудный индустриялық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы-ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

111500, Қостанай облысы, Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі, 38, «Рудный индустриялық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі, 38 мекенжайында орналасқан «Рудный индустриялық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы-ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамытуға және әзірлемелерді коммерцияландыруға бағытталған сапалы білім алу, оқу және оқыту үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымында және (немесе) білім беру саласындағы уәкілетті органда басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Конкурсқа келесі тұлғалар қатыса алмайды:

1) жиырма бес жасқа толмағандар;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағандар;

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы барлар;

4) медициналық арнаулы мекемелерде есепте тұрғандар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға келесі құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) Белгіленген нысанда өлшемі 3×4 түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

4) жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы;

5) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері:

– шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына берген, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, шетелдік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының азаматтары алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі;

– «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;

– өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;

6) жұмыс орны бойынша (қолданыстағы не соңғы) кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарына сәйкес № 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды);

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген Наркологиялық ұйымнан анықтама;

10) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салынбағанын растайтын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне (каб.643) ұсыну қажет, телефондары 8(7172)74-24-26, 74-27-25.

ҚОЛДАНБАЛАР

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте