2022 жылдың 21-22 сәуірінде Рудный индустриялық институтында «ТУҒАН ӨЛКЕ-ЖАС ҰРПАҚТЫҢ БАРЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІ» атты жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

Рудный индустриялық институты

2022 жылдың 21-22 сәуірінде Рудный индустриялық институтында «ТУҒАН ӨЛКЕ-ЖАС ҰРПАҚТЫҢ БАРЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІ» атты жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Конференция білім беру мекемелерінің жас ғалымдарын, магистранттарын, студенттері мен оқушыларын ғылыми қызметке тартуға, шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызығушылығын дамытуға, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дарытуға, сондай-ақ жастардың бойында туған өлкеге деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін, тарихи санасын, әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға ықпал ететін болады.

Конференция аясында келесі пікірталас алаңдарының (секциялардың) жұмысы жоспарланған:

1.Әлеуметтік-гуманитарлық білім мен ғылымның өзекті мәселелері.

2.Тау-кен металлургия кешені: сын-қатерлер, басымдықтар, стратегиялық бағдарлар.

3.Қазіргі өндірістегі инновациялық технологиялар.

4.Пандемиядан кейінгі кезеңде жастардың Қазақстанның экономикалық дамуына қосқан үлесі.

5.Цифрландыру, баламалы энергетика және энергия үнемдеу – Қазақстанның даму векторы.

Конференция аясында Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н.Ельцин атындағы Орал федералдық университетінің Экономика және басқару институты Экономика және менеджмент мектебі директорының міндетін атқарушы, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, экономика ғылымдарының докторы, профессор Тургель Ирина Дмитриевнаның қонақ дәрісі жоспарланған.

Конференция материалдары бойынша үздік баяндамалардан тұратын электронды жинақ шығарылады. Жинаққа ISBN халықаралық индексі беріледі және ол институттың www.rii.kz  веб-сайтында орналастырылады.

Конференцияны ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 8(71431) 50882 доб.120. Рудный индустриялық институтының бас корпусы, 145-кабинет. E-mail: metodistrii@mail.ru.

Толық ақпарат РИИ www.rii.edu.kz сайтында орналастырылған.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте