2022 жылғы 01 сәуірде Рудный индустриялық институты базасында Рудный қаласы мектептерінің 11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жалпы қалалық ата-аналар жиналысы өткізілді.
2022 жылғы 01 сәуірде Рудный индустриялық институты базасында Рудный қаласы мектептерінің 11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жалпы қалалық ата-аналар жиналысы өткізілді.
Кездесуге қатысушыларды «Рудный индустриялық институты» КЕАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры, т.ғ.д., профессор, академик Ә.Б.Найзабеков құттықтады. Әбдірахман Батырбекұлы РИИ қызметінің негізгі нәтижелері, біздің институтта оқудың артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі айтып берді, Қазақстанның жоғары оқу орындарына қабылдау ережелеріне қатысты мәселелерді қозғады. Әбдірахман Батырбекұлына ата-аналары тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді. Айта кету керек, айтылған сұрақтар спектрі әр түрлі болды. Оқушылардың ата-аналарын оқушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламалары, РИИ білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім грантын алу үшін өту балдары, жаңа оқу жылында оқу құны, ҰБТ өткізу рәсімдеріндегі өзгерістер және т.б. қызықтырды.
Бұдан әрі РИИ білім беру бағдарламаларын факультет декандары таныстырды. Кең мағыналы презентациялар әрбір білім беру бағдарламасында оқытудың артықшылықтарын, түлектердің жұмысқа орналасу перспективаларын, оқу процесін өткізуге арналған оқу-зертханалық базаға шолуды және т.б. қамтыды.
РИИ түлектерінің қажеттілігі туралы ақпаратты толықтырған және кәсіпорындарда іске асырылатын әлеуметтік бағдарламалар туралы айтып берген ЖОО-ның корпоративтік серіктестері де шетте қалған жоқ.
Атап айтқанда, «ССКӨБ» АҚ HR әлеуетін дамыту жөніндегі үйлестіруші Ю.Р.Тяпкина «ССКӨБ» АҚ қызметкерлерін және олардың балаларын жоғары оқу орнында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқу ақысын төлеуге қатысты әлеуметтік қолдау бағдарламаларына толығырақ тоқталды.
«Kamlitkz» ЖШС (Қостанай облысының аумағында салынып жатқан кәсіпорын) «Плавка» жобасының жетекшісі Набережные челны қаласынан арнайы келіп, іске асырылып жатқан жобаның ауқымы мен осы кәсіпорын үшін мамандарға деген қажеттілік туралы айтып берді.
РИИ бұрынғы серіктесінің өкілі, «БК-Строй» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі директорының орынбасары М.П.Федяшин құрылыс саласын дамыту перспективалары және кәсіпорында іске асырылатын әлеуметтік бағдарламалар туралы айтып берді.
Жиналыс соңында түлектердің ата-аналары институт бойынша экскурсияға барып, РИИ-ның заманауи оқу-ғылыми базасымен танысты.
Жиналыста айтылған ақпарат мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына болашақ мамандығын таңдауға қатысты дұрыс алқалық шешім қабылдауға көмектесетіні сөзсіз. Олар РИИ білім беру бағдарламаларының пайдасына таңдау жасайды деп үміттенеміз.