2022 жылғы 11 ақпанда «Рудный индустриялық институты» КЕАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры, т.ғ.д., профессор, академик Ә.Б.Найзабеков Рудный индустриялық институты қызметінің ағымдағы мәселелері бойынша кеңес өткізді.

2022 жылғы 11 ақпанда «Рудный индустриялық институты» КЕАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры, т.ғ.д., профессор, академик Ә.Б.Найзабеков Рудный индустриялық институты қызметінің ағымдағы мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес жұмысына проректор, департамент директорлары, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, институттың құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері қатысты.

Кеңестің күн тәртібі институт қызметінің нәтижелілігін арттыруға бағытталған негізгі мәселелерді қамтыды.

Атап айтқанда, «Атамекен» ҰКП Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп өткізген 2021 жылғы білім беру бағдарламаларының рейтингісінің нәтижелері талқыланды. Рейтинг түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін, түлектердің жалақысының медианасын, білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді, оқытушылар құрамының сапасын және білім беру бағдарламаларының өзектілігін және т.б. қамтитын 19 критерий бойынша өткізілді. Жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижелері бойынша кафедра меңгерушілері ұлттық рейтингтердегі білім беру бағдарламаларының позициясын одан әрі жақсартуға бағытталған Жол карталарын ұсынды.

Сонымен қатар, институттың бірқатар білім беру бағдарламаларының рейтингінің жекелеген өлшемшарттарының мәндерінің істің нақты жағдайына сәйкес келмеуі туралы мәселе талқыланды. «Атамекен» ҰКП-ға сәйкессіздіктер көрсетілген және растайтын құжаттар қоса берілген хат жолдау туралы шешім қабылданды.

ЖАОКО дайындау және институттың онлайн-алаңын жаңғырту мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Сонымен қатар, факультет декандары алдағы бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламаларын аккредиттеуге дайындық туралы баяндады.

Жоғары білім беруді интернационалдандыру тұрғысында институттың шетелдік жоғары оқу орындарымен стратегиялық әріптестігі іске асырылуда. Аталған жұмыс бағыттарының бірі қос дипломды білім беру бағдарламаларын дайындау болып табылады. 2021 жылғы наурызда біз Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н.Ельцин атындағы Орал федералдық университетімен (Екатеринбург қ., Ресей) «Халықаралық және корпоративтік менеджмент» қос диплом бағдарламасын іске асыру туралы шартқа қол қойдық. КНАУФ компаниясымен және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамымен (GIZ) бірлесіп «Энергия тиімді құрылыс процестері мен материалдарының технологиясы» инновациялық БББ әзірленді.

Кеңесте осы жұмысты жалғастыру, шетелдік жоғары оқу орындарының тізбесін кеңейту жөніндегі негізгі мәселелер талқыланды, олармен ынтымақтастықта қос дипломды білім берудің жаңа бағдарламалары әзірленетін болады.

Институтта жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту және оның сапасын арттыру мақсатында білім беру бағдарламаларының басшылары магистратурадағы оқу процесінің барысы туралы баяндады.

Қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Әбдірахман Батырбекұлы қатысушылардың назарын институт қызметкерлері мен білім алушылардың, ПОҚ-ның ревакцинациядан өту қажеттілігіне, өздерін және туыстарын коронавирустық инфекцияны жұқтырудан қорғаудың жалғыз тәсілі ретінде аударды.

Кеңес аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар алдағы кезеңде жұмыс істеу үшін нақты тапсырмалар алды, сондай-ақ есептілікті ұсыну мерзімдерімен таныстырылды.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте