2022 жылғы 15 қыркүйекте Рудный индустриялық институтында «Жаңа сын-қатерлер жағдайындағы Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты» тақырыбында интерактивті семинар өтті.

2022 жылғы 15 қыркүйекте Рудный индустриялық институтында «Жаңа сын-қатерлер жағдайындағы Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты» тақырыбында интерактивті семинар өтті. Семинар Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру аясында өткізілді .

Семинар жұмысына институт оқытушылары мен магистранттары қатысты. Шақырылған спикер ретінде «Қостанай облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау одағы» ҚБ төрайымы О.И.Березуцкая сөз сөйледі.

Қатысушылар жаңа сын-қатерлер мен геосаяси өзгерістер жағдайында сындарлы экономикалық саясат жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Санкциялық шектеулер және олардың Қазақстанның ірі және шағын бизнес кәсіпорындарына әсері мәселелері қозғалды. Жеке кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру, салықтық ынталандырудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелеріне толығырақ тоқталды.

Семинар спикерлері баяндамаларында нақты кейстерді келтірді, өйткені қазіргі уақытта кейс-стади әдісі күрделі ұйымдастырушылық шындықты зерттеуді талап ететін салаларда сапалы зерттеу әдісі ретінде жетекші орын алады. Кейс-стади сапалы зерттеу құралы ретінде жүріп жатқан процестердің тереңдігі мен түсінігін қамтамасыз етеді.

Осылайша, семинарға қатысушылар Қазақстан экономикасын дамытудың негізгі мәселелерін талқылады, нақты мысалдармен экономикалық жағдайдың өзгеруінің мүмкін болатын сценарийлерін, сондай-ақ экономикалық тәуекелдерді барынша азайту мақсатында алдын ала әсер етудің ерекшеліктерін талдады.

Интерактивті семинар жұмысына қалалық БАҚ өкілдері қатысты.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте