2023 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің бірінші отырысының жұмысына қатыстым

2023 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің бірінші отырысының жұмысына қатыстым. Отырыс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Ақорда» сарайында өтті. Іс-шара ғылым күніне орайластырылып, талқылаудың негізгі тақырыптары ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру болды.

Отырыста ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшелері: қазақстандық ғалымдар, сондай-ақ шетелдік ғылыми зертханалардың (АҚШ, Франция, Австрия) жұмысын басқаратын ғалымдар – біздің отандастарымыз баяндама жасады.

Мемлекет басшысы өз сөзінде қазақстандық ғылымды дамытуға кадрлық құрамдас бөлікті (докторанттар санын ұлғайту, ғалымдардың мәртебесін арттыру және әлеуметтік қорғалуын жақсарту), қолданыстағы ҒЗИ тиімділігінің бағалау критерийлерін әзірлеуді, эндаумент-қорларды нормативтік реттеуді жетілдіруді, бизнес пен ғылым арасындағы ынтымақтастық шеңберін кеңейтуді, сондай-ақ материалдық-ғылыми мекемелерді техникалық жарақтандыруды қамтитын кешенді тәсілді әзірлеу қажеттігіне баса назар аударды. Ел Президенті ғылымның жаңа моделі мемлекет пен бизнестің әріптестігіне, мемлекеттің ғылыми-технологиялық және экономикалық саясатының симбиозына негізделуі тиіс екенін атап өтті. Бизнесті ғылымға инвестициялау үшін салықтық жеңілдіктер мен инвестициялық преференцияларды қамтитын экономикалық ынталандыруды қолдану қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тиісті нормалар биылғы жылы Салық, Кәсіпкерлік және Бюджет кодекстерінде көзделетін болады. Жалпы, ел Президенті өз сөзінде қазақстандық ғылымды дамытуға бағытталған барлық мәселелерді қамтыды. Мемлекет басшысының ғылыми қоғамдастықпен тікелей байланыс арнасын қалыптастыруы, сөзсіз, отандық ғылымды басқару институттарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді; ғылым, мемлекет және бизнестің өзара іс-қимылының шеңберін кеңейтеді; қазақстандық ғылымды дамытудың жаңа тетіктерін әзірлеуге ықпал ететін болады.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте