2024 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ғылым және технологиялық саясат туралы»
2024 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңға қол қойды. Тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа заңнамалық акт қолданыстағы құқықтық және экономикалық базаны жетілдіруге, сондай-ақ ғылым мен технологиялар саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдық құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған. Заң жобасы 54 баптан тұрады және 9 қосымшаны қарастырады.
Айта кету керек, бұл Заңның қабылдануының алдында ғылымның қазіргі жағдайын талдауды, проблемалық аймақтарды анықтауды және тиімді құралдарды әзірлеуді қамтитын ұзақ және ауыр жұмыс болды. Дайындыққа көп күш пен энергия жұмсалған, тиімді тетіктерді ұсынатын құжат біздің елімізде ғылымның үдемелі дамуына ықпал ететіні сөзсіз.
Қолданбалы ғылымды мемлекеттік қаржыландырудың өсуі ғылыми қызметті мемлекеттік қолдаудың экономикалық шараларын әзірлеуді көздейді. Сондай-ақ, заң шеңберінде Салық кодексінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша салықтық жеңілдіктер мен салық шегерімдерін беру бойынша мемлекеттік ынталандыру шаралары көзделген. 50% мөлшерінде салық шегерімдері көзделген. Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар ғылым саласында кеңейтілген өкілеттіктерге ие болады, бұл ЖАО, бизнес және жоғары оқу орындарының күш-жігерін біріктіруге, өңірдің проблемаларын шешу үшін ғылыми қоғамдастықты белсенді тартуға, өңірлік экономиканың тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ инновациялық экожүйені бірлесіп құруға мүмкіндік береді.
Пәрменді құралдар, әзірленген тетіктер, ұсынылған шаралар ғылыми қызметтегі жүйелі проблемаларды шешуге мүмкіндік береді және ғылымның еліміздің дамуына қосқан үлесінің өсуіне ықпал ететін болады.