2024 жылдың 27 қыркүйегінде Рудный индустриялық университетінде институционалдық және өңірлік деңгейлерде ТДМ іске асыру контекстінде атом энергетикасын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті
2024 жылдың 27 қыркүйегінде сағат Рудный индустриялық университетінде институционалдық және өңірлік деңгейлерде ТДМ іске асыру контекстінде атом энергетикасын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Рудный индустриялық университетінің тұрақты даму, энергетика және экология тақырыптары бойынша маманданған магистранттары С.С.Джунусова, Н.А.Кузьмина, А.М.Милыбаева, сондай-ақ ЖОО студенттері (қосымша баяндамашылар ретінде) спикерлер ретінде сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел барысында келесі мәселелер қаралды: ТДМ институционалдық және өңірлік деңгейлерде имплементациялау, атом энергетикасының экологиялық құрамдас бөлігінің негізгі аспектілері және оны орнықты даму тұжырымдамасы контекстінде дамыту, сондай-ақ елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары.