Құрметті достар!!! Сұрақтарыңызға жауап ретінде арнайы құжаттарды қабылдау жайлы жаздым.
Биыл біз «Құжаттарды қабылдау» және «Конкурс» кезеңдерінің бизнес-процестерін сұрыптап оңталандыра алдық, құжаттарды тапсыру және конкурсқа қатысу процестерін жетілдіре алдық
2024 жылғы «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламаларының иегерлерін анықтайтын Мемлекеттік комиссияның мерзімдері:
⁃ І тағайындалу – 2024 жылдың маусым айының аяғы;
⁃ II тағайындалу – 2024 жылдың тамыз айының аяғы;
⁃ III тағайындалу – 2024 жылдың желтоқсан айының аяғы.
1. Біз қабылдауды енді жыл бойы «үздіксіз» форматта жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз.
2. Бұрын хабарлағанымыздай, маусым айындағы тағайындауға өтінімдер 29 сәуірде ашылады.
3. Құжаттарды қабылдау және конкурстық іріктеу толығымен электронды форматқа көшірілді. Бұл дегеніміз – Астана қаласына келуге, бұрынғыдай Халықаралық бағдарламалар орталығында кезекке тұрудың қажеті жоқ. Аталған өзгерістер қабылдау процесін жеңілдетіп, қарастыру уақытын қысқартып және барлық үміткерлерге уақтылы бірінші тағайындалуға қатысуға мүмкіндік береді.
4. Әрбір өтініш берушінің «Жеке кабинеті» болады, онда кіріп сіз өзіңіздің өтінішіңіздің статусын бақылай аласыз.
5. Қабылдау мен конкурс уақыты қатарынан жүреді – сондықтан құжаттарды алғашқы қабылдау күнінен бастап тапсырған дұрыс.
Біз барлық қажетті нұсқауларды, жеке инструкцияларды және егжей-тегжейлі ақпаратты қабылдау күніне жақынырақ жариялаймыз.
️ Шақырулары бар және қыркүйек айында оқуды бастауды жоспарлаған үміткерлер – құжаттарыңызды және тілдік тесттеріңізді (қазақ; шет тілі) алдын ала дайындап қойғаныңыз жөн. Университеттердің тізімі алғашқы тағайындалуға өзгеріссіз.
Үміткерлерге арналған мәлімет толығымен біздің жаңартылған сайтта: bolashak.gov.kz