23.11.2023 ж. Рудный индустриялық институтының базасында жас ғалымдардың, магистранттардың, студенттер мен оқушылардың «Әділетті Қазақстанды құрудағы жастардың рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

23.11.2023 ж. Рудный индустриялық институтының базасында жас ғалымдардың, магистранттардың, студенттер мен оқушылардың «Әділетті Қазақстанды құрудағы жастардың рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияға қатысу үшін 200-ден астам баяндама алынды. Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь, Болгария және т.б. елдердің жоғары оқу орындарының жас ғалымдары өз баяндамаларын жолдады. Конференцияға Қостанай облысының және Рудный қаласының мектептері мен колледждерінің оқушылары белсенді қатысты.

Конференцияға қатысушыларды құттықтап, РИИ Басқарма Төрағасы-Ректоры, т.ғ.д., профессор, академик Ә.Б.Найзабеков сөз сөйледі.

«ССКӨБ» АҚ жастар ұйымының атынан «ССКӨБ» АҚ бюджетті қалыптастыру және бақылау жөніндегі сарапшы, РИИ түлегі М.М.Сансызбаева конференцияға қатысушыларды құттықтады.

Конференцияның пленарлық отырысында көптеген мәселелер қаралды. РИИ-ның 1 курс студенті Нурдуллаев Нурдаулет «БҮГІНГІ БІЛІМДІ ЖАСТАР – ӘДІЛ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕҢІ» тақырыбында баяндама жасады.

РИИ ЭжАЖ ЖМ жас оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі А.В.Голушко болашақта қоршаған ортаны қалпына келтіруді немесе тазартуды қамтитын қалалардың жаңа функцияларының пайда болуы туралы көзқарасымен бөлісті. Анастасия Владимировна «Рудный қаласын «жылу аралы» ретінде зерттеу» баяндамасымен қатысты.

Жабдықты цифрлық модельдеу және оны пайдалануға виртуалды енгізу саласында жүргізіліп жатқан ғылыми жұмыстың нәтижелері туралы ГД-22М тобының магистранты Тлеукенов Тимур баяндады. «Конструкцияларды оңтайландыру мақсатында контейнерлік технологияға арналған жабдықтарды модельдеу» зерттеуінің ғылыми жетекшісі РИИ Басқарма Төрағасы-Ректоры, т.ғ.д., профессор, академик Ә.Б.Найзабеков болып табылады.

Конференцияның пленарлық отырысында қонақтар да сөз сөйледі. Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің 4 курс студенті Камила Бутикенова «Нейрожелілер, креативті индустрияларды дамытудың элементі ретінде» тақырыбында баяндама жасады. Камила қаланың жоғары дамыған индустриялық экономикасы әсер экономикасы үшін тежеу емес, даму факторы болып табылады деген гипотезамен бөлісті.

Жасанды интеллект тақырыбын РИИ ИСиТ-20 тобының студенті Липарин Даниил жалғастырды, ол «Жасанды интеллект және оның болашақтағы рөлі» баяндамасымен қатысты.

Конференцияның пленарлық отырысы барысында студенттер баяндамашыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды, сондай-ақ экспресс-сауалнамадан өтіп, Рудный қаласы жастарының портретін жасады.

 

Конференция жұмысы 5 секция бойынша жалғастырылды:

Бәріне бірдей мүмкіндік беретін өркениетті елді құрудың негізі – жастар ортасындағы құндылық өзгерістері,

Қазақстанның өнеркәсіптік-технологиялық дамуы: жаһандық сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер,

Цифрландыру, энергетикалық қауіпсіздік, көлік-логистика саласы – қазіргі Қазақстанның негізгі даму векторлары,

Креативті индустрияға арналған стратегиялық көзқарас пен мақсатты тұжырымдау,

Елдің өңірлік экономикасын дамытудағы заманауи тәсілдер мен шешімдер.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте