30 қарашада «ҚР Тұңғыш Президенті – тұрақтылық пен өркендеудің кепілі» атты дөңгелек үстел өтті
30 қарашада «ҚР Тұңғыш Президенті – тұрақтылық пен өркендеудің кепілі» атты дөңгелек үстел өтті, онда «Электр энергетикасы және ақпараттық жүйелер» факультетінің «Технологиялық машиналар және жабдықтар» және «Жылу энергетикасы» мамандықтарының студенттері осы күннің маңыздылығын талқылады, Тұңғыш Президент туралы және оның жетістіктері мен табыстары туралы әдебиеттердің бай іріктеуімен танысты.
1991 жылғы 1 желтоқсанда алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев ел президенті болып жарияланды. Студенттерге «Президент болу оңай ма?» деген сұрақ қойылды. Олар: «Бірінші болу және ел үшін үлкен жауапкершілік – қиын, әрі құрметті!»,- деп жауап берді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қарқынды әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы бар мемлекеттің бірегей үлгісін жасаған, бәсекеге қабілетті мемлекет құру үшін барлық күш-жігерін, талантын беретін және жастарға үлгі болатын қазіргі заманның көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткері, Ұлт Көшбасшысы!