Шетелдік өтініш берушілер

Оқуға түсу туралы ақпарат

Шетел азаматтарын ақылы негізде ЖОО-ға қабылдау қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

Шет тіліндегі құжаттар нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса ұсынылады.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар 1 (бірінші) академиялық оқу кезеңі ішінде адамдарды қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.

Құжаттарды тапсыру және қабылдау сынақтары

Әңгімелесуге Қазақстан Республикасына ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми шақыруымен, сондай – ақ мейман немесе туристік виза бойынша келген шетелдік азаматтар жіберіледі. ҚР-ға өз бетімен келген шетел азаматтары ЖОО-ға түсу мақсатында қолданыстағы заңнаманы, шетел азаматтарының ҚР-да болу ережелерін сақтауға міндетті.
Құжаттарды қабылдау жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында көзделген мерзімдерде жүзеге асырылады.

Бакалавриатқа түсу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Ұйым басшысының атына өтініш;
  2. Жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқа)
  3. 3х4 көлеміндегі алты фотосурет;
  4. 075/У нысанындағы медициналық анықтама;
  5. Төлқұжат көшірмесі.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамаларды алу кезінде туындаған қиындықтарды ескере отырып, білім және ғылым министрі медициналық анықтамаларды ұсынбай білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдауға уақытша рұқсат беретін бұйрыққа қол қойды.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТЫНА АРНАЛҒАН КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ

     Шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін мемлекеттік грант конкурсына қатысу мүмкіндіктері.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – Орталық) шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғалар ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ), 2021 жылғы 15 – 17 маусымда сағат 10.00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) онлайн режимде Орталықтың http://ubt.testcenter.kz/authorization сайты арқылы ҰБТ тапсыратынын хабарлайды.

  1. Тестіленушілерге қойылатын талаптар:
  • компьютерлерінде Google Chrome, Mozilla Firefox, Opera немесе Microsoft Edge браузерлерінің соңғы нұсқасының және интернет жылдамдығы 10 Мбит/сек. болуы. Интернет жылдамдығын алдын-ала speedtest.net немесе т.б. соған ұқсас интернет ресурстармен тексеруге болады;
  • мүмкіндігінше онлайн режимдегі тестілеу рәсімін (нақты сол уақытта) түсіруді ұйымдастыру және тестілеу аяқталғаннан кейін сілтемені diaspora_2021@mail.ru поштасына «Тегі_аты_тапсыру күні_сілтеме» тақырыбын көрсете отырып жіберу немесе түсірілген бейнематериалды «Тегі_аты_тапсыру күні_бейнематериал» тақырыбын көрсете отырып аталған поштаға жіберу.
  • Бейнекамераны тестілеуге қатысушыға компьютермен шолу жасай отырып, 1-ден 1,5 метр қашықтыққа және 1 метр биіктікте тестілеуге қатысушыға бағыттап, бейнежазбаға түсуру керек.

Камера бейнематериалды сақтауға, содан кейін оларды Орталыққа жіберуге мүмкіндік беретін телефон, планшет немесе басқа құрылғы болуы мүмкін.
Камераны қосу тестілеуге қатысудың алғышарты болып табылады. Егер камераңыз ажыратылған болса немесе мүлдем қосылмаған болса, Орталық Сіздің нәтижелеріңізді жоюға құқылы.
Тестілеу кезінде бөтен тұлғадан кеңестер алуға, интернет-ресурстарды пайдалануға, тестілеу материалдарын көшіріп алуға жол берілмейді.
Ескерту: бейнематериал тестілеу болған күні бірден жіберілуі керек.

Бейнематериал тестілеуден кейін бірден жіберілмеген және толық болмаған жағдайда ҰБТ нәтижесі жойылады.Тестілеу басталмас бұрын камераға қарап, сосын тестілеу бастауы керек.

  1. Тест форматы туралы:
  • 5 пән бойынша ҰБТ тест тапсырмаларының саны:
  • Қазақстан тарихы бойынша – 15;
  • математикалық сауаттылық бойынша – 15;
  • оқу сауаттылығы (оқыту тілі) бойынша – 20;
  • бірінші бейіндік пән бойынша – 35;
  • екінші бейіндік пән бойынша – 35

«Қазақстан тарихы», «Математикалық сауаттылық» және «Оқу сауаттылығы» (оқыту тілі) бойынша тест форматы ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауап таңдалатын тапсырмадан тұрады.

«Әрбір бейіндік пәндер» бойынша тест форматы:

  • 1-20 тест тапсырмалары – бес жауап нұсқасынан бір ғана дұрыс жауапты таңдау;
  • 21-25 тест тапсырмалары – бес жауап нұсқасынан бір ғана дұрыс жауапты таңдау (контекст негізіндегі тапсырмалар);
  • 26-35 тест тапсырмалары – берілген жауап нұсқаларынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау.

ҰБТ-ның бейіндік пәндерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және “Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны.
Қағидалармен Орталықтың сайтынан немесе   https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100022547 сілтемесі арқылы танысуға болады.
Тестілеу уақытының ұзақтығы – 4 сағат. Тестілеу кезінде тестілеу  аяқталуына дейін қалған уақыт көрсетіліп тұрады.
Максималды балл саны – 140.
Тестілеу аяқталғаннан кейін түсушілер тестілеу нәтижесімен жеке кабинетте  таныса алады.
Онлайн тестілеуді ұйымдастыру сұрақтары бойынша:
8-7172-695292, 695280, 695287 байланыс телефондарына, онлайн жүйесін сүйемелдеу бойынша 8-7172-978185, 695064, 695067, апелляция бойынша 8-7172-695251, 8-7172-695278 байланыс телефондарына хабарласуға болады.

ЖСН жоқ шетелдік талапкерлер үшін бакалавриатқа құжаттарды Онлайн тапсыру төмендегі нысан арқылы жүзеге асырылады (құжаттар сканерленген түрде немесе сапасы жақсы фотосурет түрінде қоса беріледі, *Жұлдызшамен белгіленген жолдар толтырылуы міндетті), содан кейін сізбен көрсетілген байланыс деректері бойынша қабылдау комиссиясының жауапты қызметкері хабарласады. Қалған құжаттарды онлайн тапсыру электрондық үкімет сайтында жүзеге асырылады.https://egov.kz/cms/ru/services/pass_pryem1

Құжаттарды тапсыру:

    Приемная комиссия

    Call - центр

    Call-center: 8(71431)50702, 87013849448 По вопросам заселения в общежития: 8(71431)9-25-68, 87054403859 Электронный адрес: abiturient@rii.kz