Рудный индустриялық институты 2022 жылдың 24 қарашасында жас ғалымдардың, магистранттардың, студенттер мен оқушылардың

Рудный индустриялық институты 2022 жылдың 24 қарашасында
жас ғалымдардың, магистранттардың, студенттер мен оқушылардың

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН «ҚОСТАНАЙ ЖЕРІ – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫНЫҢ ОТАНЫ»

атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференцияның мақсаты: жастардың ғылыми және инновациялық қызметін жандандыру, ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттау.
Конференцияның міндеттері: магистранттарды, студенттерді және білім беру мекемелерінің оқушыларын ғылыми қызметке тарту;
шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызығушылығын дамыту, өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру;
жастардың бойында туған өлкеге деген қызығушылықты, патриоттық сезімді, тарихи сананы, әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру.
Конференция бағдарламасы пленарлық отырысты және секциялардағы жұмысты, тақырыптық пікірталастар өткізуді қарастырады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
1. Ахмет Байтұрсынұлының және «Алаш» қозғалысының басқа да қайраткерлерінің ұлы мұрасы.
2. Қостанай облысының қазіргі жаңа геосаясат жағдайындағы экономикалық дамуының драйверлері.
3. Өңірдің тау-кен металлургия кешенінің даму перспективалары: проблемалар мен жаңа технологиялар.
4. Тиімді материалдар мен құрылмалардың технологиясы мен жобалануы.
5. Цифрландыру, баламалы энергетика және энергия үнемдеу – Қазақстан өңірлерін дамыту векторлары.
Конференцияға қатысу үшін өтінімдер 2022 жылдың 7 қарашасына дейін қабылданады.

Конференцияға қатысу нысаны: күндізгі немесе сырттай қатысу
Талқылауды өткізу нысаны: пленарлық және секциялық отырыстар
Конференцияға қатысу шарттары:
– өтінім мен баяндама мәтінін көрсетілген мерзімде жіберу;
– толтырылған өтінімге баяндама жеке файлмен бекітіледі;
– конференцияға қатысу тегін.
Тіркелу шарттары:

Конференцияға қатысуға өтінім мен баяндаманың мәтінін электронды түрде 2022 жылдың 7 қарашасына дейін metodistrii@mail.ru электронды мекен-жайға қоса берілген нысанға сәйкес жолдау қажет:

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте